Біздің мүмкіндіктер біздің қолымызда

Жаңалықтар
17.01.2023

Құралай Мұхамеджанова бала кезінен тәтті бәліштер пісіріп, жақындарын қуантуды жақсы көретін. Бұл әдет өсе келе нақты кәсіпке деген махаббатқа ұласып, кондитер-аспаз мамандығына жетеледі.

Бастапқыда Құралай енесімен бірге фуршет дастарханын сәндеп, үйде отырып түрлі кондитерлік өнімдер пісіріп сатты. Күздің бір күніндегі шай үстінде ол грант туралы, мемлекеттің қолдауы туралы білді.

Сөйтіп, жеміс-жидек, тәтті салынған гүл шоқтарын дайындайтын кондитерлік цех ашу идеясын жүзеге асыру үшін грант байқауына қатысып, 3 000 000 теңге ұтып алды. Ол ақшаға бөлме жалдап, торт пен тәттілер пісіре бастады, шоколад фигураларын шығарды, жеуге болатын гүл шоқтарын жинады.

2020 жылы жалға берілетін дүкенді жекеменшікке сатып алу мақсатында «Қазақстан Халық банкінен» 14 пайызбен несие рәсімдеді. Қордың қолдауымен «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ол мөлшерлеменің тек 6%-ын ғана төлейді. Айырмасын мемлекет өтейді. Кепілдік жетіспейтін сомаға Қор кепілдік берді.

Бизнес ашу барысындағы қиындықтарды еңсеріп, тәжірибелі кондитерлер жинай отырып, команда шығарылатын өнім айналымын арттырды. Мейрамханалардан үлкен тапсырыстар түсе бастады. Құралайдың өзі бұл жетістігімен тоқтап қалмай, Астана және Алматы қалаларында шеберлік сабақтарынан өтіп, өз қаласына осы саладағы жаңалықтарды әкелуде.

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан көшесі, 7

Инстаграмм: @chocofruitzhez