Атырауда құрылыс материалдары өндіріледі

Жаңалықтар
20.01.2023

2006 жылы құрылған «Petrotown» ЖШС – мұнай кәсіпорындарына қызмет көрсету саласында жұмыс істейді және NCOC компаниясы мен мұнай-газ саласындағы басқа да ірі нысандарды жабдықтармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, компания мұнай өнеркәсібінде жаңа заманауи технологияларды енгізе отырып, бәсекеге қабілеттілік, өндіріс тиімділігі мен кәсіпорынның табысын арттыруға ықпал етуде.

Біраз уақыттан бері кәсіпорын бизнестің жаңа бағыты жүзеге асыру үшін құрылыс материалдарын шығаруды қолға алған. Бұл жобаны «Банк Центр Кредит» АҚ қолдап, несие берді. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялап, 6 пайызға түсірді.

«Қазір елде құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бұл – жоғары сапалы құрылыс материалдарын өндіруге сұранысты арттыратыны сөзсіз. Дәл осындай кезде өндіріс қуатын қарқынды арттырып, нарықтағы сұраныс бар құрылыс материалдарын тиімді бағада ұсыну қажет»,-дейді компанияның басшысы Талғат Құрманғалиев.

Қазір «Petrotown» ЖШС адам денсаулығына қауіпсіз, заманауи жоғары технологиялы жабдықтарда виброкомпресс әдісімен дайындалған аса сапалы экологиялық таза өнімдер шығарады. Оның ішінде: тротуар тақталары, тас кенерелер, қабырға блоктары (кірпіш) бар. Бұл материалдар сапалы, аязға төзімді, қауіпсіз, өртенбейді. Кәсіпкер болашақта құрылыс материалдары өндірісін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.

Өндіріс мекенжайы: Атырау қаласы, Құттығай батыр көшесі, 4Б

+7 702 100 02 01

e-mail: support@petrotown.kz