Коттедж немесе жеке жер үйде тұратын жандар үй шаруасы тек ішін әрлеуден ғана тұрмайтынын жақсы түсінеді. Кең аула әрі тиімді, әрі әдемі болуы үшін дизайнына көп уақыт пен күш жұмсау керек.
Кәсіпкер Наталья Владимировна Яковлева ландшаф дизайны, көгалдандыру, өсімдіктерді жеткізу және отырғызу секілді мәселелерде таптырмас маман. Ол аула, саяжай, жер телімдерін, саябақтар мен бақтарды көгалдандырумен айналысады. Бұл салада «Флора-Дизайн» ЖК тіркеп, 2013 жылы кәсіп ашқанмен, гүл өсіру, айналаны абаттандыру ісіне деген сүйіспеншілік жас кезінен бастау алды. Оның балалық шағы әжесінің жылыжайында өтті. Құнарлы топырақ, гүлдердің иісі, 8 наурызда көшеттің ыдыстарын топыраққа толтыру, қызанақ отырғызу деген естеліктер әлі күнге дейін қиялын сәби күніне жетелейді.
Сүйікті ісін бизнеске айналдырған кәсіпкер айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда «Банк ЦентрКредиттен» 21,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 15,75%-ын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры несиеге ішінара кепілдік те ұсынды.
«Аула – бала сияқты. Оған да күтім керек. Бір бұтаны отырғыза салып: «міне біздің жұмысымыз» деп суретке түсіріп, жұртқа көрсету жеткіліксіз. Сіз оның бір жыл, екі жылдан кейінгі күйіне қарауыңыз керек. Олар сол кезде өседі, жайқалады. Клиенттер уақыт өте келе бізге суреттер жібереді, ауласында қандай сұлулық өсіп тұрғанын мақтанышпен көрсетеді. Бұл – біз үшін құнды», - дейді кәсіпкер.
Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Скоробогатов көшесі, 89
+7 777 587 18 28
Сайт: flora-design.kz