Брендті шойын люктер шығаратын зауыт қолдау алды

Жаңалықтар
25.01.2023

«NurKazMetal» ЖШС шойын құю зауыты 11 жылдан астам уақыттан бері шойын, алюминий және жезден жасалған бұйымдар шығарып келеді. Атап айтқанда жаңбыр суы мен ағын су құйылатын құдықтар, болаттан жасалған торлар мен фланецтерд, тот баспайтын және жарнама ілетін өнімдер, корпустар, құдықтар және т.б көптеген шойын бұйымдар құяды.

Компания қазақстандық нарығында жоғары сапалы брендтелген өнімдерді нарықтағыдан төмен бағамен ұсынатын санаулы көшбасшылардың бірі болып саналады. Кез келген күрделі тапсырыстарды орындай алады.

Адамдар кәріз жүйесіне аса қатты назар аудармайды. Бірақ соған қарамастан, ол – күнделікті су ағысын қамтамасыз ететін таптырмас техникалық құрылым. Кәсіпорынның имиджін айқындау үшін зауыт брендинг қызметін де ұсынады (құдық қақпағына компания логотипін таңбалау). Өндірісте зауыт құрал-жабдықтарға көп көңіл бөледі. Тауарларды жоғары технологиялық параметрлермен және қатаң белгіленген мерзімде дайындау өте маңызды.

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын құрал-жабдықтарды сатып алуға 2022 жылы «Банк ЦентрКредиттен» жылына 19%-бен қаражат алды. Оның 13%-ын «Даму» қоры субсидиялайды. Сондай-ақ, Қор кепілдік жетпеген бөлігіне кепіл болды.

Әрбір өнім МемСТ талаптарына толық сәйкес келеді және сертификатталған. Зауыт шеберлері ұсақ-түйекке дейін мән беріп, өзара тиімді ынтымақтастық үшін тұтынушыға барынша қолайлы жағдай жасауға тырысады. Сондай-ақ, өнімге тікелей 5 жылдық кепілдік береді.

Мекенжай: Шымкент қ., Қапал батыр көш., 5 км, 6/1

Тел: +7 702 357 7077, +7 778 333 7777

Инстаграм: @nurkazmetal