Жүк тасымалы – әрқашан өзекті

Жаңалықтар
23.01.2023

Жүк тасымалы тауар жеткізу қажеттігінен туындайтыны белгілі. Әсіресе қажетті зат, бұйым, мүліктерді кез келген қалаға тез және тиімді тасымалдауда сұранысқа ие қызметтердің бірі.

Оразғали Құлмұрзаев жүк тасымалдаумен 2007 жылдан бері айналысып келеді. Қазір Қызылорда өңірінде және Қазақстан бойынша да жүк тасымалдау қызметтерін ұсынады. Сондай-ақ жалға беретін жүк техникалары да бар. Кәсіпкер тиегіштер, темір жол тұйығы және қойма ретіндегі ғимарттарға да ие.

2022 жылы кәсіпкер нарықтағы қызметін кеңейту мақсатында «ТехноЛизинг» ЖШС лизингтік компаниясына жүгінді. Несие «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында мақұлданып, Қор пайыздық мөлшерлемені ішінара субсидиялады. Бұл ретте кәсіпкер үшін сыйақының соңғы мөлшерлемесі жылына 6%-ды құрайды.

Несие қаражаты SHACMAN маркалы 3 бірдей жүк автокөлігін сатып алуға жұмсалды. ЖК «Құлмұрзаев Оразғали» өзін облыстың жүк тасымалы нарығында адал және сенімді серіктес ретінде көрсетті және қазіргі уақытта Қызылорда облысының ірі құрылыс компанияларымен жұмыс істеуде.

Мекенжайы: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал ауылы, Сарыкөл көшесі, 1-үй

Тел.+ 7 777 444 01 09