Қазақстандағы фармацевтика саласындағы бизнестің тарихы 1842 жылы Орал қаласында басталған. Дәл сол жерде халыққа дәрі-дәрмектерді ақылы түрде беру үшін алғашқы дәріхана ашылды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалаларда халық саны көбейіп, Семей және Петропавлда да ақылы дәріханалар ашылды. Дәріханалар желісінің дамуы өте баяу жүрді, ал 1875 жылға қарай бүкіл Қазақстан аумағында тек Орал, Семей және Петропавлда ғана 6 дәріхана болды. Осылайша, бір дәріханаға 248,8 мың адамнан келеді. Қазақстанда бизнес ортаның дамуына фармацевтикалық қызметтің негізі саналатын компоненттер өндіретін отандық зауыттар ашылуы сөзсіз әсер етті.
1996 жылдың ортасына қарай дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі толық өзгерді. Белгілі бір дәрежеде тапшылықты еңсеріп, дайын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әр түрі шыға бастады. Қызмет көрсету мәдениеті өсті. Дистрибьюторлық, өндірістік және бөлшек сауда секторларында өзгерістер бола бастады. Заманауи маркетингтік технологиялар енгізілді. Дәл осындай тарихи деректер астаналық Зарина Исатайқызының саудадағы жаңа бағытқа деген қызығушылығын тудырды.
«Ерен Зарина» атты жеке кәсіпкерлік нысаны ашып, 2017 жылдан бастап кәсіпкерлікке ден қойған оның дәріхана бизнесі саласында тәжірибесі болмады. Ең алдымен елорданың қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі таңдады, сұраныс пен бәсекелестікті зерттеді. Сатылатын өнімдердің ассортиментіне мұқият қарап, сапалы өнімдер мен қолайлы баға болуы керек деп шешті. Сатып алушылар алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, кәсіпкер мамандарды да мұқият таңдады. Маңызды критерий тек арнаулы білімініңнің болуы ғана емес, сонымен қатар адамдарға деген ізгі ниет те болды.
Бұл идеяны жүзеге асыру үшін үй-жай керек еді. Ал оны сатып алу үшін несие қажет. Банктердегі бірақ жоғары пайыз ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін ауыр едіүк болды. Осылайша, тағдыр оны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Астана қаласы бойынша өңірлік филиалына алып келді. Мұнда толық кеңес алып, өзіне лайықты бағдарламаны таңдап, мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін өтінім берді.
ЖК «Ерен Зарина» инвестиция, коммерциялық үй-жай сатып алу мақсатында «Астана Бизнес-2» өңірлік бағдарламасы бойынша 8.5%-бен жеңіл несие алды.
Қазіргі уақытта бизнес «Omega plus» брендімен өркендеп, белсенді дамып келеді. Кәсіпкер ісін дәріхана желілеріне ұластырып, елордада ғана емес, еліміздің басқа да қалаларында да ашуды мақсат етіп отыр.
Астана қаласы, Есіл ауданы, Е 753 көшесі, 4-үй, 11.
+7 708 425 57 04.