Темірбетон – ең көп қолданылатын құрылыс материалы. Ол өте берік, функционалды. Сондықтан темірбетон зауыттарына деген сұраныс жылдар бойы өзекті. Бұл өнім негізінен берік ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін қажет.
Бүгінде темірбетон өндірумен айналысатын компаниялар аз емес. Солардың бірі – «CEMENT-BETON-M» ЖШС.
Дұрыс жабдық болмаса темірбетонмен жұмыс істеу оңай емес. Бүгінгі кейіпкерімізге де жоғары сапалы темірбетон жасауға үшін жоғары сапалы жабдық қажет болды.
Ол тығырықтан кәсіпкерді «Басымдық берілген жобаларға несие беру механизмі» мемлекеттік бағдарламасы шығарды. «Қазақстан Халық Банкінен» 84 айға 15%-бен алған несиесін кәсіпкер 6%-бен ғана төлейді. Ал 9%-ын мемлекет аталған бағдарлама аясында субсидиялайды.
Өнім жоғары сапалы, кәсіпорын жұмысы тұрақты болса клиенттер қатары да артады. Қазіргі уақытта кәсіпорын 80 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорындағы өнімдер мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алынған жабдықтардың арқасында тек неміс технологиясы бойынша шығарылады. Кәсіпкер бұл жетістігімен тоқталып калмақ емес, болашақта қосымша 30 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Мекенжайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өндірістік аймақ 6, ғимарат 29.
Байланыс: +7 701 910 05 25
Инстаграмм: @cement_beton_m