В Павлодаре открылся детский сад с галокамерой

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
11.06.2018

Мемлекеттің қолдауымен арнайы галокамерасы бар балабақша ашылды

Мемлекет жекеменшік балабақшалардың ашылуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Осы бағыттағы «Балапан» бағдарламасы кәсіпкерлерді мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру орындарын ашуға ынталандырады. Сондай балабақшалардың бірі - «Игілік» 2015 жылдың қараша айында ашылды. «Игілік» балабақшасына бір баланы беру орта есеппен 36 мың теңге болса, оның 50%-ын мемлекет өтейді.

Жекеменшік балабақша иесі Тұрсынова Ризагүл Тоқанқызының психология саласында 20 жылдан астам жоғары педагогикалық білім мен жұмыс тәжірибесі бар. Сондықтан білім беру жүйесінің жұмыс істеу тәртібі қандай екенін біледі.

Балалардың бақшаға бейімделу кезеңінде жиі суық тиіп ауыратыны белгілі. Ризагүл Тоқанқызы балабақша жанынан сәбилердің иммунитетін нығайту мақсатында тұзды галакамера салдырды. Мұндай тұзды галакамераға баратын балалар тұмау мен ЖРВИ-ден толық қорғалған.

Мектепке дейінгі мекеменің ашылу жолы күрделі және ұзақ болды. Балабақша алдымен шағын-орталық базасында ашылды. Ғимаратты қалпына келтіру үшін көп жұмыс істеуге тура келді. Бір жыл ішінде ғимарат тұрғызылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алған 5 млн теңгеге балабақшаға арналған жиһаз сатып алынды. 2017 жылы кәсіпкер қайтадан мемлекеттік қолдауды пайдаланды. Бұл жолы аталған бағдарлама бойынша балабақша ғимаратын сатып алды.