Call-center (қонырау тегін)
1408
Жаңалықтар
11.06.2018

Ақтөбеде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда

Ақтөбеде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Бағдарламаның негізгі бағытының бірі - жеке құрылыс компанияларын тұрғын үй салуға ынталандырып, субсидиялау яғни екінші деңгейлі банктерден «Даму» Қоры арқылы алынған несиелердің пайызын азайтып, сонымен қатар ақырғы тұтынушылар үшін әрбір шаршы метрдің бағасын төмендету. Ақтөбеде осымен төртінші құрылыс компаниясы «СК Актобестрой-Инвест» ЖШС, «Нұрлы Жер» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға мүмкіндік алып отыр. Пайыздың жылдық мөлшері – 14%, оның 7% «Даму» Қоры арқылы субсидияланады. Несие сомасы 600 млн теңге 3 жыл мерзімге «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы берілді. Бөлінген қаражатқа құрылысшы Ақтөбе қаласында 14 793,6 шаршы метрлік (256 пәтер) 9 қабатты үй тұрғызуды жоспарлауда. «Нұрлы Жер» бағдарламасының ережесіне және «Сбербанк» АҚ ЕБ мен «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ –ның әріптесу шартына сәйкес – 128 пәтер тиянақталған бағамен тұрғынүйқұрылысжинақ банкі салымшыларына ұсынылатын болады. Осы жағдайда тұрғынүйқұрылысжинақ банкі салымшылары шаршы метрі 160 мың теңгені құрайтын бағамен пәтер сатып ала алады. Үйді пайдалануға беру 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. Еске салсақ, «Нұрлы Жер» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерінен асырмай (17.04.2018 жылға – 9,25%) жеке құрылыс компанияларына несиелер беруді көздейді, және банктің шешім шығарылған уақытқа 5% пайызынан артық емес, оның 7% субсидияланады. Субсидиядан қалған бөлігін құрылыс компаниясы төлейді. Субсидиялар жаңа несиелерге беріледі. Құрылыс компаниясының несие алуы үшін кепілдігі жетпейтін жағдайда, «Даму Оптима» бағдарламасы шеңберінде кепілдендіру құрылғысын пайдалана алады. Кепілдіктің мөлшері – несие құнының 50% дейін құрайды. Бағдарлама бойынша бір несиеге лимит 180 млн теңге, дегенмен де несиелер санына шектеу қойылмайды. Егер сіздің құрылыс компанияңыз әлі күнге субсидия алмайтын болса немесе несие рәсімдеуге кепілдігіңіз жетпейтін болса біздің Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келуіңізге болады. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша және де «Даму» Қоры арқылы жүзеге асырылатын басқа да бағдарламалар бойынша кеңесшілер толықтай мағлұмат беріп, жобаңызға көмектеседі. Біздің мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғ, 51/1, тел.703808, 703812.