Сыртқы аудитор туралы ереже

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Қордың корпоративтік басқару

Сыртқы аудитор туралы ереже

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 78 бабына және аудиттің Халықаралық стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептіліктің және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін бағалаудың анықтығын тексеру және растау үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (одан әрі – Қор) конкурстық іріктеудің негізінде кәсіби аудиторлық ұйымды (сыртқы аудиторды) тартады. Қор Жарғысының ережелеріне сәйкес, қаржылық есептіліктің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгіленген тәртіпте анықтау Қордың Жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне жатады.

Қор қызметінің сыртқы аудиті жыл сайын аудиторлық ұйыммен жүзеге асырылады. Сыртқы аудитор қаржылық есептіліктің аудитін сатып алу туралы келісім-шарт аясында қаржылық жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 желтоқсаны аралығындағы жеке немесе шоғырландырылған қаржылық есептілікке шолу жөніндегі, әрбір қаржылық жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 маусымы аралығындағы аралық аудиторлық процедуралардың жүргізілуі жөніндегі және ҚЕХС сәйкес жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу жөніндегі қызметтерді ұсынады. Сонымен қатар аудиторлық тексеруді жүргізу аясындағы ілеспе қызыметтерді көрсету бухгалтерлік және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша, салықтық шолу жүргізу, қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша кеңес беру болып табылады және Директорлар кеңесіне таныстыруды, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру бағасын, ішкі бақылау жүйесінің баламалылығының бағасын және т.б. ұсынады.

2014 ж. арналған қаржылық есептіліктің аудиті «Прайсуотерхаус Куперс» ЖШС-мен жүргізілген. 2014 жылға арналған қаржылық есептіліктің аудиті бойынша «Прайсуотерхаус Куперс» ЖШС төленген сыйақы мөлшері ҚҚС-мен 10 752 мың теңгені құрады.

2014 ж. «Прайсуотерхаус Куперс» ЖШС компаниясымен оқыту семинарларын өткізу бойынша жеке қызметтер көрсетілді. Қызметтерге арналған сыйақы мөлшері ҚҚС-мен 2 700 мың теңгені құрады.

Қордың қаржылық есептілігінің аудиті бойынша бұрын қызмет көрсеткендер:

• 2013 ж. – «Прайсуотерхаус Куперс» ЖШС.

• 2012 ж. – «Делойт» ЖШС;

• 2011 ж. – «Прайсуотерхаус Куперс» ЖШС;

• 2010 ж. – «КПМГ Аудит» ЖШС;

• 2009 ж. – «Эрнст энд Янг» ЖШС;

• 2008 ж. – «КПМГ Аудит» ЖШС;

• 2007 ж. – «КПМГ Аудит» ЖШС;

• 2006 ж. – «Deloitte» ЖШС;

2006 ж. бастап 2013 ж. аралығында Қордың қаржылық есептіліктің аудитімен және өзге ақпараттарымен байланысты емес қызметтердің жекелеген түрлері сырқты аудиторлармен көрсетілген жоқ.

Қаржылық есептіліктің аудитін жүргізген аудиторлық ұйымдардың бұрынғы қызметкерлері Қорға жұмысқа қабылданған жоқ