Сыртқы аудит

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Қордың есеп беруі

Сыртқы аудит

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 78 бабына және Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептіліктің дәйектілігін тексеру және растау үшін, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (әрі қарай – Қор) конкурстық іріктеу негізінде кәсіби аудиторлық ұйымды (сыртқы аудиторды) тартады. Қор Жарғысының қағидасына сәйкес, қаржылық есептілікке аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды белгіленген тәртіпте анықтау – Қордың Дара акционерінің айрықша құзыретіне жатады.

Қор қызметіне сыртқы аудит жүргізу жыл сайын аудиторлық ұйыммен жүзеге асырылады. Сыртқы аудитор қаржылық есептілікке аудит жасау қызметін сатып алу туралы шарт шеңберінде қаржы жылының 1 қаңтарынан 30 маусымына дейінгі кезең үшін бөлек және шоғырландырылған қаржылық есептілікке шолу жасау бойынша, әр қаржы жылының 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін аралық аудиторлық рәсімдерді жүргізу бойынша және ХҚЕС стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізу бойынша қызметтерді ұсынады. Сондай-ақ бухгалтерлік және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру, қаржылық есептілікке аудит жасаудың нәтижелері бойынша салықтық шолу жасау, Директорлар кеңесіне таныстырылымдар ұсыну, бухгалтерлік есеп жүргізуді бағалау және қаржылық есептілікті жасау, ішкі бақылау жүйесінің адекваттығын бағалау және т.б. – аудитолрық тексеру жүргізу аясында ілеспе қызметтерді көрсету болып табылады.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның 21.05.2019 жылғы №26/19 шешімімен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның 2019-2021 жылдардағы қаржылық есептілігіне аудит жүргізуші ретінде «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС аудиторлық компаниясы анықталды.

2018 жылғы қаржылық есептілікке аудит жасауды «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС жүзеге асырды. 2018 жылғы қаржылық есептілікке аудит жасау жөніндегі қызметтер үшін «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС-ге төленген сыйақы мөлшері ҚҚС-пен бірге 10 640 мың теңгені құрады.

«Прайсутерхаус Куперс» ЖШС 2018 жылы жекелеген қызметтерді көрсетті:

- қаржылық кеңес беру жөніндегі қызметтер. Қызметтер үшін сыйақы мөлшері ҚҚС-пен бірге 3 082 мың теңгені құрады;

Қордың қаржылық есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді бұрын келесілер көрсеткен:

·               2017 ж. – «Прайсуотерхаус Куперс» ЖШС;

·               2016 ж. – «Прайсуотерхаус Куперс» ЖШС;

·               2015 ж. – «Прайсуотерхаус Куперс» ЖШС;

·               2014 ж. – «Прайсуотерхаус Куперс» ЖШС;

·               2013 ж. – «Прайсуотерхаус Куперс» ЖШС;

·               2012 ж. – «Делойт» ЖШС;

·               2011 ж. – «Прайсуотерхаус Куперс» ЖШС;

·               2010 ж. – «КПМГ Аудит» ЖШС;

·               2009 ж. – «Эрнст энд Янг» ЖШС;

·               2008 ж. – «КПМГ Аудит» ЖШС;

·               2007 ж. – «КПМГ Аудит» ЖШС;

·               2006 ж. – «Deloitte» ЖШС.

Қаржылық есептілікке аудит жүргізген аудиторлық ұйымдардың бұрынғы қызметкерлері Қорға жұмысқа қабылданған жоқ.


Сыртқы аудитор туралы ақпарат


Сыртқы аудитор туралы ақпарат 2018 жыл