«S&P Global Ratings (2016 жылға дейін - Standard & Poor ' s Financial Services LLC) «Даму» Қорының шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингтерін «BBB-/A – 3»-ке дейін көтерді. Рейтингтердің өзгеру болжамы – «Тұрақты».
Сонымен қатар Қордың рейтингі ұлттық шкала бойынша «kzAAA» деңгейіне дейін көтерілді.
Тәуелсіз рейтингтің өзгеруіне байланысты Moody's «Даму» Қорының шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент рейтингін Baa3 деңгейінде, ал эмитенттердің шетелдік және ұлттық валютадағы қысқа мерзімді рейтингін Р-3 деңгейінде растады. Болжам тұрақты.
Ұлттық шкала бойынша «Даму» қорының рейтингі Aa1.kz -тен Aa2.kz -ке қайта калибрленді.