2023 жылдың 01 қарашасында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қордың шетел валютасы мен ұлттық валютасындағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингін «BBB-/A3» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».
Сонымен қатар Қордың ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzAAA» деңгейінде расталды.
Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі Қордың болжамын «Тұрақты»-дан «Позитивті»-ге жақсартты.
2023 жылдың 31 қазанында Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі Қордың шетел валютасы мен ұлттық валютасындағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингін «Baa3/P-3» деңгейінде растады, болжамды «Тұрақты»-дан «Позитивті»-ге жақсартты.
Сонымен қатар Қордың ұлттық шкала бойынша рейтингі «Aa2.kz» деңгейінде расталды.