Жұлдыздарға қара

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

«Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды»

«Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды»

Бағдарлама уақытша жабық



«Даму» Қоры мен «Қазкоммерцбанк» АҚ бірлесіп «Жұлдыздарға қара»  атты жобаны жүзеге асырды. Бұл бағдарлама мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіпкерлік ынтасын қолдауға бағытталған. 
Бұл жобаны жүзеге асыру - мүгедек кәсіпкерлерге ұдайы қолдау көрсетуді жүйелендіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты - Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың Грант жеңіп алуы арқылы бизнеске келіп, мақсатты түрде алға жылжуына сеп болу.
Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі іс бастаушы кәсіпкерлерге Грант бөлінеді. Ол үшін үміткерлер тиісті қалыпта, белгіленген уақытта өтінім беруі керек. Қаражат Грант иегерінің шотына аударылып, өтінімде көрсетілген тауар сатып алуға жұмсалады. 
Грант иегерлері байқау нәтижесінде жарияланады. Грант иегерлерін анықтау мен грант тапсыруды Жоба аясында "Құс жолы қайырымдылық қоры" ҚҚ атқарады. 

Бір Грант сомасы 300 мыңнан аспайды.
Гранттардың жалпы саны максимал саны 48 (қырық сегіз) грант, әр қаладан қатысушылар арасында бөлінеді, бірақ бір қалаға 3 гранттан аспайды.
Қатысуға өтінім қайда қабылданады Жобаға қатысуға өтінімді «Даму» Қорының аймақтық филиалдары қабылдайды. 
Құжаттар Өтінім түрі мен оны толтыру жайы, құжаттар тізімі туралы ақпаратты : www.damu-komek.kz и www.kuszholy.kz ресурсында берілген