Call-center (қонырау тегін)
1408
Структура Фонда
Мухамеджанов Бектас Гафурович

Мухамеджанов Бектас Гафурович

Директорлар кеңесіне сайланған уақыты: 01 тамыз 2018 жыл.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

1957 жылы туған

Директорлар Кеңесінің мүшесі

БІЛІМІ:

1979 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

Ботаника институтында, ҚР ҰҒА молекулалық биология және биохимия институтында жұмыс істеді. Әр жылдары Республикалық жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің төрағасы, Қазақстан кәсіпкерлері съезінің вице-президенті, бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссиясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алулар агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы, Халықаралық заманауи саясат институтының бас директоры, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып істеді.

Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің президенті, «Эксимбанк Казахстан» ЖАҚ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ, «Нұрбанк» АҚ, «КТК» ЖАҚ, «Центрбанк» АҚ (қазіргі «ЦентрКредитБанк» АҚ) директорлар кеңесінің мүшесі болды.

«Азаматтарға арналған үкіметі» мемлекеттік корпорациясы Директорлар кеңесінің мүшесі Тәуелсіз директоры.

«Ауыспалы елдердегі кәсіпкерліктің дамуы: жетістіктері мен жемістері» (1999), «Бизнес-консалтинг және ақпараттық қызметтер ШОБ дамытудың аффективтік құралы ретінде» (2001), «1998-2000 жылдары Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік секторының жағдайы» (2001«Қаржыландыру көздері» (2002, бірлескен авторы) кітаптарының авторы, 35-тен астам жарияланымы, 6 авторлық куәлiк және патенттері бар

Ордендер мен медальдармен марапатталған.

Қордың акцияларына иелік етпейді.

Қордың жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.