ТОП 10 вопросов

Базалық мөлшерлеме деген не?

Базалық мөлшерлеме – ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі құралы. Ол ақша нарығындағы номинал банкаралық пайыздық мөлшерлемелерді реттеуге мүмкіндік береді. Базалық мөлшерлеме деңгейін белгілей отырып, ҚР Ұлттық Банкі орта мерзімді кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін ақша нарығының таргеттелетін (нақты) банкаралық қысқа мерзімді мөлшерлемесінің нысаналы мәнін айқындайды

Иджара деген не?

Иджара — дәстүрлі лизингтің исламдағы аналогы. Ол бойынша ЕДБ мүлікті сатып алады және клиентпен арада лизинг шартын жасайды. Лизинг мерзімі ішінде ЕДБ мүлік иесі болып саналады және оны иеленуге қатысты барлық қатерлерге жауап береді.

«Даму» Қоры неге өзі несие бермейді?

Бүгінгі күні «Даму» Қоры шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (ШОКС) тікелей қаржыландырмайды. Өйткені ШОКС-ке мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінетін қаражат көлемі өте үлкен. Сол себепті «Даму» Қорының мұндай бағдарламаларды өз бетінше қаржыландыруға мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бұл жүк ЕДБ және өзге де қаржы ұйымдарына артылған. «Даму» Қоры бұл схемада мемлекет-ШОКС-қаражаттың игерілуін бақылайтын орган арасындағы буын ретінде әрекет етеді. «Даму» Қоры шағын және орта бизнесті субсидиялау, кепілдік беру және кеңес беріп, оқыту түрінде қолдау көрсетеді.

Кірісі мүлдем жоқ стартаптарға арналған бағдарлама неге қарастырылмаған?

«Даму» Қорының бағдарламалары аясында стартап-жобаларды қаржыландыруға тыйым салынбаған. Ол үшін жобаның өзі қандай да бір бағдарлама талаптарына және екінші деңгейлі банк/микроқаржы ұйымs/лизингтік компания (ЕДБ/МҚҰ/ЛК) қоятын шарттарға сәйкес келуі керек. Мұндай жағдайда cтартап-жобалар қаржыландырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, ЕДБ, МҚҰ жобаларды, оның ішінде стартап жобаларды іріктеу, қарастыру және шешім қабылдауда өздерінің ішкі саясатына сүйеніп шешім қабылдайтынын да ескеру керек.

Сондай-ақ, ЕДБ кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған бизнесінен басқа салада ашылған стартап-жобаларын  да қарайды.

Бірнеше мемлекеттік бағдарламаға бірден қатысуға бола ма?

Кәсіпкер бір жобасы аясында несиеге қол жеткізіп, оны субсидиялап, кепілдік ала алады.

Алайда, кәсіпкер «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және жергілікті атқарушы органдар мен «Даму» Қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын кейбір өңірлік бағдарламалар аясында алынған несиелерді субсидиялай алмайды. Өйткені ол бағдарламалар бойынша берілетін несиенің мөлшерлемесінің өзі 6%-дан басталады. Яғни, жеңіл несие.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағы нені көздейді?

Мемлекеттік қолдау мен ҚР заңнамасының өзге де нормаларын қолданарда шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:

1. есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына қатысты қызмет;

2. акцизделетін өнім өндіру және (немесе) көтерме сауда жасаушы;

3. астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызмет;

4. лотерея өткізу;

5. ойын бизнесі саласындағы қызмет;

6. радиоактив материалдар айналымына қатысты қызмет;

7. банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқасы);

8. аудиторлық қызмет;

9. бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

10. несие бюролардың қызметі;

11. күзет қызметі;

12. азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет.


Кепілдік қоюды талап етпейтін несиелер бар ма?

«Даму» Қорының бағдарламалары аясында кепілсіз несие беру көзделмеген. Бірақ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие/микронесиелеріне «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның» бірінші бағыты аясында ішінара портфельдік кепілдік беру қарастырылған. Ол бойынша несие /микронесие сомасының 85%-ына дейін ішінара кепілдік көзделген. Қалған аз бөлігін ғана кәсіпкер ұсынады.

Мурабаха деген не?

Мурабаха — сауда келісімі. Ол бойынша сатушы сатылатын тауарларға жұмсалған шығындарды тікелей көрсетеді және оларды сатып алушыға алдын-ала белгілі бастапқы құнға үстеме бағамен сатады.

Банктер неге көп құжат талап етеді?

«Даму» Қоры ЕДБ-нің несие саясатына билік жүргізе алмайды. Өйткені қарыз бойынша дефолт жағдайындағы тәуекел-қатер ЕДБ-нің мойнында. «Даму» қорының ЕДБ-нің ішкі саясатына араласуға құқы жоқ.


Неліктен аудан, ауылдық жерлердегі кепілзатты ЕДБ қабылдамайды?

Кепілзат – қарыз алушыға тиесілі және несие қайтарылатынына кепіл болатын құнды мүлік. ЕДБ үшін кепілмен берілетін несие – несиелеудің ең қауіпсіз түрлерінің бірі болып саналады. Қарыз алушыға тиесілі пәтер, саяжай, кеңсе, өндіріс ғимараты, автокөлігі, бағалы қағаздар немесе банктегі депозит  те кепілге жатады. Несиеге қол жеткізу үшін кепіл ретінде рәсімделетін мүлік ертеңгі күні сол сомадан кем емес бағада сатылатын болуы маңызды. Несие берерде тәуекелге ЕДБ бел буады. Сондықтан кепілдік қою шартын да ЕДБ тарапы қояды. Егер ЕДБ-нің кепіл саясаты аудан, ауылдық жерлерде орналасқан мүлікті кепіл ретінде қарауға мүмкіндік берсе, онда бұл жағдайда ЕДБ клиенттің барлық тәуекелдерін бағамдап, төлем қабілетін мұқият тексеріп барып ұсынылған жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, несие беру жайлы түпкілікті шешім қабылдайды.