FAQ
«Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша кепілдік алу үшін салалық шектеулер бар ма?

Салалық шектеулер бар, толық ақпарат сайтқа салынған.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кепілдіктер неше күн қаралады?

Кепілдіктерді қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Жоба пысықтауға (хатпен) қайтарылған кезде мерзімдер жаңартылады.

Несие алу кезінде жасырын комиссиялар бола ма?

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және Қарапайым заттар экономикасы аясында ЕДБ комиссия алмайды. Бұл талапқа жатпайтындар:

1) кәсіпкердің бастамасымен несие /қаржы лизингі шарты талаптары өзгерген жағдайда;

2) кәсіпкер несие/қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда;

3) лизингке алынған мүліккен тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизингті сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастаған жағдайда;

4) қаржы лизингі шартын орындауға байланысты (кедендік шаралар, лизинг мүлкін арнайы органдардың тіркеу, ЕДБ қызметтері сияқты бөгде ұйымдардың қызметтерін өтеу);

5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдер.

Егер қарыз валютасы теңгемен болмаса, мен субсидия ала аламын ба?

Субсидиялар теңгеей алынған жобалар бойынша ғана беріледі.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қандай мақсаттарға несие ала аламын?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында субсидиялар 100% инвестицияға беріледі, сондай-ақ айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы аясында несие сомасының 50% - ынан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға арналған несиені субсидиялауға жол беріледі. Бұл шектеу ЕДБ/лизингтік компаниялар мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ несиені қаржыландыру көзіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды.

«Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты шеңберінде субсидиялар инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беріледі.

«Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша субсидиялар инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Сондай-ақ, бір кәсіпкер үшін 100% - ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 500 (бес жүз) млн теңгеге дейінгі несиелер (несие немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша қолда бар төлемдерді өтеу бойынша есеп айырысуларды қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) субсидиялауға жатады.

Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде бір кәсіпкер үшін сауда қызметі саласында айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін 100 (бір жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға субсидиялауға жол беріледі.



Қарыздың ең максимал сомасы қандай?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында несие сомасына шектеу жоқ.

«Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында – 20 млн теңгеге дейін.

«Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты аясында 3 млрд теңгеге дейін.


Мен қолда бар қарызымды қайта қаржыландыра аламын ба?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында санкцияларға ұшыраған ЕДБ/лизингтік компанияларды, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуды қоспағанда, басқа ЕДБ-дан қайта қаржыландыруға жол берілмейді.

«Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында басқа ЕДБ/лизингтік компаниядан қайта қаржыландыру көзделмеген.

«Кәсіпкерлерді / индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша бұрын субсидиялау қағидалары аясында мемлекеттік қолдау алмаған, ЕДБ/лизингтік компаниялар және несие серіктестіктер, қаржы ұйымдары 2 (екі) жыл ішінде берген несиелер/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған несие/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады. (Мерзім жоба Қаржы агенттігіне («Даму» Қоры) енгізілгенге дейін бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі.)


«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидиялау қарастырылған ба?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында субсидиялау көзделген. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне + 4,5%, оның ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу, Өңдеу өнеркәсібі және қызметтер бойынша 7%-ын жеке кәсіпкер төлейді.


Осы бағдарлама бойынша қандай кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады?

Жеке кәсіпкерлік субъектілері (микро, шағын және орта бизнес) бағдарламаға қатыса алады.


Салалық шектеулер бар ма?

Ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, сондай - ақ сауда саласындағы (тамақ өнімдерін сатуға жол беріледі) салалық шектеулерсіз "микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде жүзеге асырылады. Ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, жобаларды моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

 

Субсидиялау қағидаларына қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алмағанда, Республикалық маңызы бар қалаларда/облыс орталықтарында «кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты аясында экономиканың басым секторларында жүзеге асырылады. Елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар кәсіпкердің іске асырылатын жері мен тіркелген жері ескеріле отырып, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

Бұл ретте елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде сауда қызметі саласында айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелер бойынша 100 млн теңгеден аспайтын сомаға айналым қаражатын толықтырған жағдайда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.


Субсидия деген не?

Субсидиялау – кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны. Ол бойынша кәсіпкердің ЕДБ/ЛК арқылы алған несие /лизинг мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекет өтеп береді.


Несиенің мақсаты деген не?
ЕДБ/МҚҰ/ЛК қарызды белгілі бір мақсатта береді. Кәсіпкерлер несиені негізінен айналым қаражатын толықтыру немесе инвестиция үшін алады. Жобаға байланысты мақсаттар нақтыланады, яғни белгілі бір тауарды/өнімді сатып алу, қызметтерді төлеу және т.б. көрсетілуі мүмкін. Несие қаражатында көрсетілген бұл мақсаттар қатаң орындалуы керек. Несиенің мақсаты деген осы.
Несие аларда жасысын комиссиялар бола ма?

ЕДБ-ға қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алынбайды. Бірақ бұл тізімге мына жағдайлар жатпайды:

1. жеке кәсіпкерлік субъектісінің ұсынуымен несие беру шарттары өзгерсе;

2. жеке кәсіпкерлік субъектісі несие бойынша міндеттемелерді бұзса;

3. кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

4. есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдер.

Сұрақтарыңызға жауап. 3-бөлім.
Сұрақтарыңызға жауап. 2-бөлім.
Сұрақтарыңызға жауап. 1-бөлім.

Несие берерде жасқа шектеу бар ма?

Әр банктің өз талабы бар. Жасқа қойылатын шектеу шарттарын әр ЕДб өзі белгілейді. Толық ақпарат қажет болған жағдайда несие алғыңыз келетін банкке хабарласып білуге болады. 

Егер облыста/кентте тұрып бизнеспен айналыссам кәсібімді дамытуға несие ала аламын ба?

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (қалалар мен моноқалаларда жүзеге асырылатын жобалар қаржыландырылады) мен кейбір нақты өңірлік бағдарламаларды (Қор қызметкерлерінен нақтылау қажет) қоспағанда, Қор бағдарламалары аясында жобаны жүзеге асыру орны бойынша шектеулер жоқ.



Товары 1 - 18 из 62
Начало | Пред. | 1 2 3 4 | След. | Конец