Субсидирование

Субсидирование
Несие алу кезінде жасырын комиссиялар бола ма?

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және Қарапайым заттар экономикасы аясында ЕДБ комиссия алмайды. Бұл талапқа жатпайтындар:

1) кәсіпкердің бастамасымен несие /қаржы лизингі шарты талаптары өзгерген жағдайда;

2) кәсіпкер несие/қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда;

3) лизингке алынған мүліккен тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизингті сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастаған жағдайда;

4) қаржы лизингі шартын орындауға байланысты (кедендік шаралар, лизинг мүлкін арнайы органдардың тіркеу, ЕДБ қызметтері сияқты бөгде ұйымдардың қызметтерін өтеу);

5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдер.

Егер қарыз валютасы теңгемен болмаса, мен субсидия ала аламын ба?

Субсидиялар теңгеей алынған жобалар бойынша ғана беріледі.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қандай мақсаттарға несие ала аламын?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында субсидиялар 100% инвестицияға беріледі, сондай-ақ айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы аясында несие сомасының 50% - ынан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға арналған несиені субсидиялауға жол беріледі. Бұл шектеу ЕДБ/лизингтік компаниялар мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ несиені қаржыландыру көзіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды.

«Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты шеңберінде субсидиялар инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беріледі.

«Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша субсидиялар инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Сондай-ақ, бір кәсіпкер үшін 100% - ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 500 (бес жүз) млн теңгеге дейінгі несиелер (несие немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша қолда бар төлемдерді өтеу бойынша есеп айырысуларды қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) субсидиялауға жатады.

Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде бір кәсіпкер үшін сауда қызметі саласында айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін 100 (бір жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға субсидиялауға жол беріледі.



Қарыздың ең максимал сомасы қандай?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында несие сомасына шектеу жоқ.

«Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында – 20 млн теңгеге дейін.

«Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты аясында 3 млрд теңгеге дейін.


Мен қолда бар қарызымды қайта қаржыландыра аламын ба?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында санкцияларға ұшыраған ЕДБ/лизингтік компанияларды, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуды қоспағанда, басқа ЕДБ-дан қайта қаржыландыруға жол берілмейді.

«Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында басқа ЕДБ/лизингтік компаниядан қайта қаржыландыру көзделмеген.

«Кәсіпкерлерді / индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша бұрын субсидиялау қағидалары аясында мемлекеттік қолдау алмаған, ЕДБ/лизингтік компаниялар және несие серіктестіктер, қаржы ұйымдары 2 (екі) жыл ішінде берген несиелер/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған несие/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады. (Мерзім жоба Қаржы агенттігіне («Даму» Қоры) енгізілгенге дейін бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі.)


«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидиялау қарастырылған ба?

Басымдық берілген жобаларға (Қарапайым заттар экономикасы) несие беру және қаржылық лизинг тетігі аясында субсидиялау көзделген. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне + 4,5%, оның ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу, Өңдеу өнеркәсібі және қызметтер бойынша 7%-ын жеке кәсіпкер төлейді.


Осы бағдарлама бойынша қандай кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады?

Жеке кәсіпкерлік субъектілері (микро, шағын және орта бизнес) бағдарламаға қатыса алады.


Салалық шектеулер бар ма?

Ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, сондай - ақ сауда саласындағы (тамақ өнімдерін сатуға жол беріледі) салалық шектеулерсіз "микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде жүзеге асырылады. Ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, жобаларды моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

 

Субсидиялау қағидаларына қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алмағанда, Республикалық маңызы бар қалаларда/облыс орталықтарында «кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты аясында экономиканың басым секторларында жүзеге асырылады. Елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар кәсіпкердің іске асырылатын жері мен тіркелген жері ескеріле отырып, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

Бұл ретте елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде сауда қызметі саласында айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелер бойынша 100 млн теңгеден аспайтын сомаға айналым қаражатын толықтырған жағдайда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.


Субсидия деген не?

Субсидиялау – кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны. Ол бойынша кәсіпкердің ЕДБ/ЛК арқылы алған несие /лизинг мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекет өтеп береді.


Мен қанша жылға субсидия ала аламын?

Егер сіз инвестиция үшін несие алсаңыз, бұл жағдайда субсидия мерзімі 5 жылға дейін болады. Егер айналым қаражатын толықтыру мақсатында несие алынған болса, онда бұл жағдайда субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін болады.

Субсидияны қалай алуға болады?

Сізге бизнесіңізге қолайлы бағдарламаны таңдап, барлық қажетті құжаттарды жинап, ЕДБ/Лизингтік компанияға жүгіну қажет. ЕДБ/ЛК-ға өтінім берген кезде мамандар оны сараптап, әсіресе заңдық  тұрғынан тексеріп, қаржылай жағдайына талдау жасап, төлем қабілетін және қаржыландыруға болатын-болмайтынын тексереді. Сондай-ақ кепілзаты бар-жоғы секілді өзге де стандартты процедураларды жүргізеді. Бұдан әрі қабылданған шешімнен кейін ЕДБ сіздің құжаттарыңызды «Даму» Қорына жібереді/ ал ЕДБ-ның оң шешімі бар кәсіпкер/ЖК несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендететін субсидия алу үшін «Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасын» толтырып, «Даму» қорына жүгінеді. Қор өз кезегінде сіздің жобаңызды 5 жұмыс күні ішінде қарайды. Бұдан әрі оң шешім қабылданған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылады.

Субсидия қандай мақсаттарға беріледі?

«Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша несие/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатпайтын жобалар:

1) мемлекеттік даму институттары арқылы несие алған, ЕДБ/ЛК несие/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, субсидиялау қағидалары аясында сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған несие/лизингтік мәмілелер;

2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

3) овердрафт түрінде;

4) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;

5) ломбардтардың, микроқаржылық, факторингтік ұйымдар мен лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған.

Өз қаражатын салу деген не?

Қазіргі кезде «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаға» қатысу үшін кәсіпкердің жобаға өз қаражатын салуы талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағына не кіреді?

Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын мемлекеттік қолдау және қолдану мақсатында егер:

1.    есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметте;

2.    акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу;

3.    астық қабылдау пункттерінде астықты сақтау жөніндегі қызмет;

4.    лотерея ойнату;

5.    ойын бизнесі;

6.    радиоактив материалдар айналымына байланысты қызмет;

7.    банк қызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрлері) мен сақтандыру нарығы (сақтандыру агентінен басқасы) қызметі;

8.    аудиторлық қызмет;

9.    құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

10. несие бюросының қызметі;

11.               Күзет қызметі;

12.               Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметпен айналысса дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп тануға болмайды.

 


Субсидия қандай мақсаттарға беріледі?

Субсидиялар инвестиция және/немесе айналым қаражатын толықтыруға беріледі.

Инвестиция мақсаты – негізгі құралдарды сатып алу, кеңейту, жаңғырту, оның ішінде жабдықтарды, негізгі құралдарды сатып алу, өндіру және/немесе қызметтер көрсету үшін жағдайлар жасау.

Айналым қаражатын толықтыру – тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу, жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу, жалақы төлеу, үй-жайды жалға алу ақысы, коммуналдық қызметтерді төлеу және салық төлеуді қоса алғанда, жүріп тұрған жұмысты қаржыландыру.

«Кәсіпкерлерді / индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты аясында ЕДБ/лизингтік компаниялар және несие серіктестіктері, қаржы ұйымдары бұрын 2 (екі) жыл ішінде берген несие /қаржы лизингі шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған несие/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады (мерзім бірінші несие /лизинг берілген күннен бастап есептеледі) жобаны Қаржы агенттігіне енгізгенге дейін және субсидиялау қағидаларының өлшемдеріне сәйкес келетін жағдайларда жүзеге асырылады.

Ұлттық жоба бағдарламасының бағыттарының айырмашылығы неде? Мен қай бағытты таңдауым керек?

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары – несие сомасы, шешім қабылдау деңгейі («микро-және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейдегі банк немесе «Даму» Қоры «кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты аясында дербес) және бизнестің саласы бойынша ерекшеленеді.

Субсидия беру ақылы ма?

Субсидия беру – тегін.

Өз аймағыңызда «Ұлттық жоба» аясында субсидияға қаражат бар-жоғын қалай білуге болады?

Осы қаржы жылына арналған жаңа жобаларды субсидиялауға қажет қаражат қанша қалғаны «Даму» Қорының сайтында https://damu.kz/poleznaya-informatsiya/reports/dkb-2025/predictive/ сілтеме бойынша салынады. 


Товары 1 - 18 из 19
Начало | Пред. | 1 2 | След. | Конец