Экономика простых вещей

Экономика простых вещей
Бағдарлама аясында жеке қаржы салу қажет пе?
Жоқ, бағдарлама аясында жеке қаржы салу қарастырылмаған.
Бағдарлама аясында басым жобалар тізімін көбейту жоспарда бар ма?
Бағдарлама аясында шарттарды жетілдіру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады. Экономиканың басқа секторларын қосу орынды болған жағдайда, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша тиісті өзгерістер енгізілетін болады
Кәсіпкер айналым қаражатын толықтыру несиесі бойынша 100% субсидия ала ала ма?
ЕДБ айналым қаражатын 100% толықтыруды көздейтін кәсіпкерлік субъектілеріне Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске беруге құқылы
Қолда бар қарызымды қайта қаржыландыра аламын ба?
Бағдарлама аясында басқа банк арқылы қайта қаржыландыруға, сондай-ақ үлес сатып алуға жол берілмейді
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кепілдіктер неше күн қаралады?
Кепілдіктерді 25 жұмыс күні ішінде қаралады. Жобаны пысықтауға (хат арқылы) қайтарған кезде мерзімдер жаңартылады
Қарыздың ең көп сомасы қандай?
Бағдарлама шеңберінде қарыз сомасына шек жоқ
Қандай мақсаттарға несие ала аламын?
Субсидиялар инвестиция үшін 100% беріледі, сондай-ақ қарыз алушының бір жобасы шеңберінде айналым қаражатының мөлшері несие сомасының 50%-ынан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға арналған несиені субсидиялауға да жол беріледі.
Мен қанша жылға субсидия ала аламын?
Егер сіз инвестиция мақсатында несие алсаңыз, бұл жағдайда субсидия мерзімі 10 жылға дейін болады. Егер айналым қаражатын толықтыру мақсатында алынған болса (ол бойынша айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберінде несие сомасының 50%-ынан аспайтын болып, айналым қаражатын толықтыруға арналса субсидиялауға жол беріледі), онда бұл жағдайда субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін болады.
Егер қарыз валютасы теңге болмаса, мен субсидия ала аламын ба?
Субсидиялар теңгелей алынған жобалар бойынша ғана беріледі
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кепілдіктер беріледі ме?
Ия, әрине, кепілдік көлемі жеткіліксіз болған жағдайда, Сіз «Даму» Қорының кепілдіктерін пайдалана аласыз. Егер қарыз сомасы 3 млрд теңгеден аспаса, ұсынылатын кепілдік мөлшері 50%-ға дейін, 3 млрд теңгеден аса 5 млрд теңгеге дейін болса кепілдік мөлшері 30%-ға дейін болады.