Другое

Другое
Базалық мөлшерлеме деген не?

Базалық мөлшерлеме – ақша нарығындағы номинал банкаралық пайыздық мөлшерлемелерді реттеуге мүмкіндік беретін Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі құралы. Базалық мөлшерлеменің деңгейін белгілей отырып, Ұлттық Банк орта мерзімді кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін ақша нарығының таргеттелетін (нысаналы) банкаралық қысқа мерзімді мөлшерлемесінің нысаналы мәнін айқындайды.

Сублизинг, қайтарылатын лизинг және қайталама лизинг деген не?

Сублизинг – субжалдау. Қарапайым сөзбен айтқанда, ол – сатып алынған дүниені оның иесі емес, лизингке алушының қайта жалға беруі.

Қайтарымды лизинг – кәсіпкер лизинг мүлкін сата да алатын лизинг мәмілесінің бір түрі. Жеке немесе заңды тұлға өз активтерін Лизингтік компанияға сата отырып, осы компаниямен сатылған мүлікті жалға алуға келісім жасайды.

Қайталама лизинг – лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысанын басқа лизинг алушыға беретін лизинг түрі.


Неліктен «Даму» Қорының барлық бағдарламалары кепілдікті талап етеді?

Кепілзат – қарыз алушыға тиесілі және несие қайтарылатынына кепіл болатын құнды мүлік. ЕДБ үшін кепілмен берілетін несие – несиелеудің ең қауіпсіз түрлерінің бірі болып саналады. Қарыз алушыға тиесілі пәтер, саяжай, кеңсе, өндіріс ғимараты, автокөлігі, бағалы қағаздар немесе банктегі депозит  те кепілге жатады. Несиеге қол жеткізу үшін кепіл ретінде рәсімделетін мүлік ертеңгі күні сол сомадан кем емес бағада сатылатын болуы маңызды. Несие берерде тәуекелге ЕДБ бел буады. Сондықтан кепілдік қою шартын да ЕДБ тарапы қояды. Егер ЕДБ-нің кепіл саясаты аудан, ауылдық жерлерде орналасқан мүлікті кепіл ретінде қарауға мүмкіндік берсе, онда бұл жағдайда ЕДБ клиенттің барлық тәуекелдерін бағамдап, төлем қабілетін мұқият тексеріп барып ұсынылған жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, несие беру жайлы түпкілікті шешім қабылдайды. 

Лизинг дегеніміз не?

Лизинг – жалдау мен несиенің басын қосатын құрал. Сіз бизнесіңіз үшін белгілі бір тауарды (мысалы, автокөлікті немесе техниканы) ұзақ мерзімді жалға лизингке ала аласыз. Бірақ осы процесті жүзеге асыру үшін сізге техниканы лизингке беретін компанияны табу қажет. Ал лизингтік компания лизинг берерде өз пайдасын көздейді. Ол пайда пайыз ретінде көрсетіледі. Бірақ сіз сатып алынған лизингтің пайызын жеңілдете аласыз. Қолдаудың бұл түрін алу үшін Лизингтік компанияға тиесілі пайыздардың бір бөлігін «Даму» Қоры арқылы субсидиялайсыз.

Грантты қалай алуға болады. Жолдары қандай?

«Даму» Қоры грант бермейді. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясындағы грант – қайтарымсыз түрде беріледі. Оны өңір әкімдіктері жанындағы конкурс комиссиясы шешеді. Грант алу үшін өзіңіз тұратын жердегі әкімдікке хабарласуыңыз керек.

Анықтама үшін: Грант сомасы 5 000 000 теңгеге дейін. Басты талап – жобаңыздың инновациялық болуы. Грант байқауына қатысу үшін:

·        ісін жаңа бастаған 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас кәсіпкерлер;

·        кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеніне 3 жылдан аспаған, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер;

·        әйел кәсіпкерлер (жасына қарамастан);

·        мүмкіндігі шектеулі жандар.

Байқауға қатысу үшін «Атамекен» ҰКП өткізетін курсты оқыған жөніндегі сертификат, дайын бизнес-жоспар болуы керек. Сосын тиісті құжатарды жинап, өзіңіз тұратын облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік және инвестиция бөліміне жүгінуіңіз керек.

Неліктен Қор тікелей несие бермейді?
Қазір «Даму» Қоры ШОКС-ты тікелей қаржыландырмайды. Өйткені ШОКС-қа арналған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінетін қаражат көлемі едәуір. «Даму» Қорының мұндай бағдарламаларды өз бетінше іске асыруға мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты осы мақсаттарға Екінші деңгейдегі банктер және өзге де қаржы ұйымдары тартылады. «Даму» Қоры бұл схемада мемлекет пен ШОКС арасындағы байланыстырушы буын ретінде мемлекет қаражатының игерілуін бақылауды жүзеге асыратын орган. Сондай-ақ, «Даму» Қоры ШОКС кепілдендіру және субсидиялау, сондай-ақ кеңес беру, оқыту түрінде ШОКС басқа да қолдау көрсетеді.
Бірден бірнеше мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға бола ма?
«БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерге барлық құралдар аясында кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін