Кредитование

Кредитование
Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен қаржыландыру бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлеме қандай?
Бағдарлама аясындағы пайыздық мөлшерлемені нарықтағы жағдайды ескере отырып, серіктес банк өзі белгілейді
Кәсіпкер аймақтық бағдарламаға қалай қатыса алады?
Кәсіпкерлер міндетті түрде Бағдарламаға сәйкес қала/облыс аумағында өз жобаларын іске асыруы және тіркелуі тиіс.
Әр түрлі банктерден бір уақытта аймақтық бағдарлама бойынша несие алуға бола ма?
Кәсіпкерлер әр түрлі банктерден бір уақытта қарыз ала алмайды
Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ бағдарламаларының 1,2,3 транштағы айырмашылығы неде?
Бағдарлама аясындағы айырмашылық – несие беру мақсаттары мен басымдық тізбесінде. Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ бағдарламасы бойынша 1-транш бойынша – несие қолда бар қарыздарды инвестициялау және қайта қаржыландырғау. Ал 2-транш – инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде қызмет көрсететін салалар тізбесі бойынша беріледі. 3-транш инвестициялау, айналым қаражатын толықтыру және қолда бар қарыздарды қайта қаржыландыру мақсаттарына беріледі.
Неліктен МҚҰ қатысатын бағдарлама бойынша пайыздық мөлшерлеме басқа бағдарламаларға қарағанда жоғары?
МҚҰ операциялық шығындары шамамен 15%-ды құрайды, осыған байланысты қызметіне лизинг те кіретін МҚҰ үшін бағдарламаның қолданыстағы шарттары бойынша белгіленген мөлшерлеме өте қолайлы болмайды
Әйелдерге арналған жеке бағдарламалар бар ма?
Кәсіпкер әйелдер үшін «Бизнестегі арулар» жеке бағдарламасы бар. Бағдарлама шарттары туралы толық ақпаратты біздің сайттан https://damu.kz/programmi/programmy-dlya-zhenshchin-v-biznese сілтемесі бойынша біле аласыз
Жергілікті аймақтық бағдарлама деген не?
Әрбір өңір үшін облыс әкімдіктерінің қолдауымен бағдарламалар құрылған, ол бойынша кәсіпкерлер төмен пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен серіктес банктерден несие ала алады
«Даму-Оптима» бағдарламасы басқа кепілдіктерден несімен ерекшеленеді?
«Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда кәсіпкерлерге кепілдіктер беріледі. Бағдарлама шеңберіндегі кепілдіктер кепілдік сомасының сомасынан/қалдығынан жыл сайын 2,5% мөлшерінде комиссия алынады.
«Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша жеке қаржы салу қажет пе?
Бизнесі бар кәсіпкерлер кәсіпкерлер жоба сомасының 20% мөлшерінде өз қаржысын салатынын растайды.
«Даму-Оптима»? бағдарламасы бойынша кепілдік алуда қандай да бір шектеулер бар ма?
Бағдарлама бойынша қаржылық және сақтандыру қызметін қоспағанда, кез келген қызмет түріне кепілдік беріледі.