Даму Аймақтар

Даму Аймақтар

Талаптар

Максимал сома

750 млн. тг. дейін

Мақсаты

инвестиция; айналым қаражатын толықтыру

Мерзімі

7 жылға дейін

Несие пайызы

14% дейін

Қарыз мөлшері: 120 000
1 000 000 ₸
20 000 000 ₸
Мерзімі: 3 ай
1 ай
84 ай
Ай сайынғы төлем: 45 000

Шамалап есептелді. Нақты есебін алу үшін әріптестердің менеджеріне жолығыңыз

Бизнеске арналған ыңғайлы талаптар

Бизнесіңізге арналған максимал пайда. Несие алуға online.damu.kz сайтында өтінім беріңіз

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Сүйемелдеу

Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі

Ыңғайлылық

Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім
беріңіз

Жылдамдық

Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдік
қарастыру

Сенімділік

Бізге сенеді. Қор 65 000 астам жобаны бағдарламалар арқылы қолдады


«Даму-Аймақтар» - шағын және орта бизнестің басымдық берілген аймақтық жобаларын қаржыландыру бағдарламасы

Бағдарлама шағын және орта бизнестің аймақтардағы баcымдық берілген жобаларын қаржыландыруға арналған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің  24.12.2019 ж. № 968 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялауға және / немесе кепілдіктерге өтінім беру мүмкіндігі бар.

Бағдарлама мақсаты - шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі басым бағыттарын дамыту.

Кімдер қатыса алады
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері.

Қатыса алмайтындар

Бұл бағдарламаға қатыса алмайтын ШОКС: 

- шағын және орта жеке кәсіпкерлік субъектілері болып  тіркелмеген;

- моторлы көлік құралдарын шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды немесе өнімдерді шығаруды және көтерме саудада өткізуді көздейтін жобаларды іске асырушылар;

- ойын бизнесін ұйымдастыруды және (немесе) дамытуды көздейтін жобаларды іске асырушылар.


ШОКС қаржыландыру талаптары (шағын және орта кәсіпкерлік субъекті)

Сыайқы мөлшерлемесі
    жылына 14,0%-ға (он төрт) дейін 

Несие сомасы 750 000 000 млн тг
Несиелеу мерзімі 

- инвестицияға 84 айға дейін;

- айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін.

Валюта
    теңге

Несиеге қол жетімді мерзім 1 (бір) жылға дейін
Несиені қандай мақсатта жұмсауға болады  

- инвестиция; 

- айналым қаражатын толықтыру ; 

- бұрын айналым қаражатын инвестициялауға және (немесе) толықтыру қарыз алған борышкерлердің осы кезеңдегі міндеттемелерін қайта қаржыландыру.

Қосымша міндеттер ШОКС «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялауға және кепілдендіруге қатыса алады.


Бағдарлама бойынша төмендегі мақсаттар үшін  несиеге тиым салынған:
- заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлеске ,
- борышкердің шаруашылық қызметінің шығынын жабуға ,
- сенімді агенттердің қызмет ақысын төлеуге
Механизм  Кәсіпкер банкке өтінім береді. Бағдарламаға қатысуға арналған құжаттар топтамасы әр банкте әр түрлі.  (банк белгілейді). Банк бағдарлама бойынша қаржыландыру туралы шешімді өзі қабылдайды.  

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Қаржыландыру көзі
Бағдарлама бойынша борышкерлерді кейін несиелендіру үшін белгілі бір (мақсатты және шектеулі) шарттар бойынша серіктес банктерге Қор қаржы орналастырады.
      
Бағдарламаны жүзеге асырудағы Қор ролі 1. Мақсатты топты және қаржыландыру критерийлерін анықтайды;
2. Қаржының орынды жұмсалып, игерілуін қадағалайды;
3. Тиісті тұлғаларға қажетті ақпаратты ұсынады.
Бағдарламаны жүзеге асырудағы ЕДБ ролі
1. Қажет болған жағдайда жобаларды таңдайды және қаржыландырады
2. ШОКС жобаларын қадағалайды 
3. Бағдарламаның қорытындысы бойынша Қор алдында есеп береді.


«Bank RBK» АҚ-ға салынған, ШОБ жобаларын қаржыландыру үшін биржаға әлеуметтік облигациялар шығару есебінен түскен қаражатты «Даму-Аймақтар» бағдарламасы аясында алу шарттары.

Талаптары:

1)

Несиелеу мерзімі 

- инвестицияға 60 айға дейін;

- айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін.

2)

Валюта

Теңге

3)

Мақсаты

- Инвестиция;

- айналым қаражатын толықтыру;

- кәсіпкердің бұрын инвестицияға және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға алған қолда бар қарыздарын қайта қаржыландыру

4)

Сыайқы мөлшерлемесі

жылына 14,0%-ға (он төрт) дейін 

5)

Бір кәсіпкердің қолына тиетін несие сомасы

1 000 000 000 (бір миллиард) теңге

1.6.

Басқа шарттар

Бағдарлама аясында қаржы алған кәсіпкерлер субсидия және/немесе кепілдік алу үшін "БЖК 2025" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтінім беруге құқылы. Борышкерлердің жобалары субсидия және/немесе кепілдік алу үшін "БЖК 2025" бағдарламасының талаптарына сай келуі тиіс

Қаржыландыруға рұқсат берілген салалар

ЭҚЖЖ

Қызмет салалары

1

2

3

1.

45.11.2

2000 шаршы метрден кем сауда объектілерінде автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

2.

45.11.3

Сауда алаңы 2000 ш. м. (2000 ш. м. және одан жоғары)астам сауда объектілерінде автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

3.

45.20

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

4.

45.32.1

2000 шаршы метрден кем сауда объектілерінде автомобиль бөлшектерін, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

5.

45.32.2

2000 ш. м. (2000 ш. м. және одан жоғары)астам сауда объектілерінде автомобиль бөлшектерін, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

6.

47

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханалар мен тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудадан басқа)

7.

49.4

Жүк автомобиль көлігінің қызметі және көшу бойынша қызмет көрсету

8.

51.10

Әуе жолаушылар көлігінің қызметі

9.

52.23.2

Әуежайлар қызметі

10.

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

11.

56.10

Мейрамханалар қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер көрсету

12.

58.2

Бағдарламалық қамтамасыз етуді басып шығару

13.

59.14

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

14.

62.01

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

15.

68.20

Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару (сауда желілері және стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару, дәріханаларды және тамақ өнімдерінің, сусындардың және темекі бұйымдарының бөлшек саудасын қоспағанда, коммерциялық үй-жайларды жалға беру (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда объектілері)

16.

69.10

Құқық саласындағы қызмет (заң консультанттары, жеке практикамен айналысатын адамдар: нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар, оның ішінде өздері үшін туындаған міндеттемелер бойынша қызметкерлер болмаған жағдайда)

17.

70.22

Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша консультация беру және басқару мәселелері бойынша өзге де консультация беру

18.

71.20.1

Санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі

19.

79.1

Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі

20.

85.10

Мектепке дейінгі білім беру (мектепке дейінгі жеке білім беру)

21.

85.20

Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке меншік мектептер)

22.

85.30

Орта білім (халықаралық мектептерден басқа жеке меншік мектептер)

23.

86.10

Аурухана ұйымдарының қызметі (жеке ұйымдар)

24.

86.10.3

Шипажай-курорт ұйымдардың қызметі

25.

86.2

Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет (жеке ұйымдар)

26.

90.04

Концерт және театр залдарының қызметі

27.

93.13

Фитнес-клубтардың қызметі

28.

96.01

Тоқыма және тері-тон бұйымдарын жуу және химиялық тазалау

29.

96.02

Шаштараз және сұлулық салондары қызметтерін ұсыну