Программа поддержки МСБ в сфере обрабатывающей промышленности 3 транш - кредит по низкой ставке для бизнеса в Казахстане

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОК қолдау бағдарламасы 3 транш

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОК қолдау бағдарламасы 3 транш

Мақсаты Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, өз жобаларын Қолданба бойынша қайта өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асырушы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (ШОКС)
Бір кәсіпкерге берілетін максималды шек 1 850 000 000 теңге;
Несие мерзімі - инвестициялар; бұрынғы берілген инвестицияға бағытталған несиелерді қайта қаржыландыру мақсаттарына берілетін несиелер бойынша - 120 айдан көп емес;
- айналым құралдарын толықтыруға, бұрынғы берілген айналым құралдарын толықтыруға бағытталған әрекет етуші несиелерді қайта қаржыландыру мақсаттарына берілетін несиелер бойынша - 60 айдан көп емес.  
Несиенің мақсаты - инвестициялар 
- айналым құралдарын толықтыру
    - екінші деңгейдегі банкті қайта қаржыландыруға өтініш беру күніне дейін кемінде 1 жыл бұрынғы («Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен «ҚазАгро» ҰБХ »АҚ оңалту бағдарламасы, ҚР Үкіметінің 14.04.2014 ж. № 354 жарлығымен және 05.12.2014 ж. 1276)  қаржылық қолдау бағдарламаларына қатыспайтын кәсіпкерлерге берілетін қарыздарды қайта қаржыландыру.

Бағдарламаға қатыса алмайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері  - акциздік тауар шығарушылар;
- құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар болып табылатын, акцияларының (жарғы капиталындағы қатысу үлесінің) елу не одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқару холдингіне, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғалар.  
Қарыз алушыларға келесі мақсаттарға несие беруге тыйым салынады - заңды тұлғалардың жарғы капиталына қатысу мақсатына;
- бұрынғы келтірілген шығындарды өтеуге;
- үлестес/байланысты компаниялардың/тұлғалардың негізгі қаржыларын, активтерін сатып алуға.  
Несие бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылына 6%-дан көп емес.
Несие валютасы теңге
Несие мерзімі  1 (бір) жылға дейін.

Өзге шарттарды серіктес банк анықтайды

Соңғы қарыз алушылардың жобаларын қаржыландыруға арналған қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының тізімі: С Қайта өңдеу өнеркәсібі 10-33
Тамақтану өнімдері өндірісі 10
Сусындар өндірісі 11
Тоқыма бұйымдары өндірісі 13
Киім өндірісі 14
Тері және соған қатысты өнімдер өндірісі 15
Жиһазды қоспағанда, ағаш және тығын бұйымдары; сабаннан жасалған бұйымдар және тоқуға арналған материалдар өндірісі 16
Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі 17
Таспа және жазылған материалдарды жаңғырту 18
Кокс және мұнайды қайта өңдеу өндірісі 19
Химиялық өнеркәсіп өнімдері өндірісі 20
Негізгі фармацевтикалық өнімдер және дәрі-дәрмектер өндірісі 21
Резеңке және пластмассадан жасалған бұйымдар өнідірісі 22
ПБасқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі 23
Металлургия өндірісі 24
Көлік және құрал-жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдары өндірісі 25
Копьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісі 26
Электрлі құрал-жабдықтар өндірісі 27
Басқа санаттарға кірмейтін көлік және құрал-жабдықтар өндірісі 28
Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркеме өндірісі 29
Басқа да көлік құралдары өндірісі 30
Жиһаз өндірісі 31
Басқа да дайын бұйымдары өндірісі 32
Көлік және құрал-жабдықтарды жөндеу және қондыру жұмыстары 33
Механизм Кәсіпкер несие алу үшін банкке жүгінеді, банк өздігінен кәсіпкерді несиелендіруге қатысты шешім қабылдайды


Қатысушы банктер

Документтер