Call-center (қонырау тегін)
1408
Береке

Береке

Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырудың негізгі шарттары

Кімге арналған Жамбыл облысының аумағында тіркелген және жобаларын қосымшаға сәйкес басым салаларда жүзеге асыратын ШОКС
Бір ШОКС-не берілетін максимал сома
–  Тараз қ. жүзеге асырылатын жобалар бойынша 100 млн. тг дейін;
– Жамбыл облысының аудандарында жүзеге асырылатын жобалар бойынша 50 млн. теңгеден көп емес
Несиелендіру мерзімі - жаңа қаражаттарға және негізгі қаражаттарды жаңғыртуға – 84 айға дейін;
- айналым құралдарын толықтыруға – 36 айға дейін
Несие қайда жұмсалады - жаңа қаражаттарға және негізгі қаражаттарды жаңғырту;
- айналым құралдарын толықтыру
Негізгі қарызды төлеу бойынша жеңілдікті кезең  12 (он екі) айға дейін
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі  8,5%-дан көп емес
Несие валютасы теңге;

ШОКС Бағдарлама бойынша Қордың қаржысы есебінен бір уақытта әр түрлі банктерден несие ала алмайды

Басым салалар тізімі 
Қаржыландырылатын жоба экономиканың келесі бөлімдрінде жүзеге асырылуы қажет:
Код ОКЭД Атауы ЭКЖС тараулары

A

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

 
Өсімдік өсіру және мал шаруашылығы, аң аулау және осы салаларда қызмет көрсету 1

C

Қайта өңдеу өнеркәсібі

10-33

I

Тұрғылықты жер және тамақтануды ұсыну қызметі

 
Қонақ үй қызметі 55,1
Демалыс күндері және басқа да қысқа мерзімге тұрғылықты жер ұсыну 55.20.0
Кемпингке, рекреациялық автотұрақтарға және трейлерлік тұрақтарға арналған алаңдар 55.30.0

J

Ақпарат және байланыс

Кино-, бейнефильмдер және теледидар бағдарламаларын жасау қызметі 59,1

N

Әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласындағы қызмет

Ойын-сауық және спорттық құрал-жабдықтарды жалдау және жалға беру 77.21.0
Басқа санаттарға кірмейтін көлік, құрал-жабдық және материалдық құралдарды жалға беру 77.39.1
Туристік агенттіктер қызметі 79.11.0
Туристік операторлар қызметі 79.12.0
Брондау және соған қатысты қызметтің басқа да түрлері 79.90.0

R

Өнер, ойын-сауық және демалыс

Мұражай қызметі 91.02.0

Қатысушы банктер