Обучение топ-менеджмента малого и среднего предпринимательства

Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту

Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту

Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту компоненті жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқару мен  «Назарбаев Университет» дербес білім беру ұйымы жанындағы стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шешудің жоғарғы мектебі негізінде, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, шетелдік оқу орталықтарын тарта отырып табысты бизнес құрудың жаңа модельдерін енгізуге бағытталған.

Оқыту мақсаты:

  • Бизнесті жүргізу мен басқарудың соңғы үлгілері үшін топ-менеджерлерді оқыту;
  • Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін, өмір сүруін және орнықты өсуін арттыру;
  • Халық арасында бизнес жүргізудің деңгейін арттыру.

Компонентке қатысу шарттары:

  • Компонентке экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің жоғарғы және орта буындары қатыса алады;
  • Компонентке қатысушылар оқуға барып-қайту, тамақтану ақысын өздері төлейді;
  • Қатысушылардың оқу шығындары республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Компоненттің басталуы: 2019 жылдың сәуір айы.

Компонент соңында сертификаттарды беру уақыты: 2019 жылдың қараша айы

Оқу процесі: Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту 3 кезеңнен тұрады.

Үш кезеңдік бағдарламаның 1-кезеңінің қысқаша сипаттамасы: Күндізгі тренингтер

Компоненттің 1-күні: мүмкіндіктерді анықтау.

Тренинг барысында табысты және өсіп келе жатқан бизнесті құру үшін модельдер, сондай-ақ әлеуетті бизнес мүмкіндіктерін анықтау критерийлері ұсынылады. Қатысушылар күні бойы бизнес-модель негіздерін үйренеді. Барлық мысалдар қазақстандық компаниялардың бизнес жағдайларын зерделеу негізінде қаралады. Нарықты саралаумен бірінші күн аяқталады.

Компоненттің 2-күні: Ресурстарды пайдалану.

Тренингтің екінші күні қатысушылар ресурстарды, соның ішінде адам, ақпарат, қаржы ресурстары, активтер және бизнес-жоспарларды пайдалану мүмкіндіктері туралы біледі. Мүдделі тараптарды және олардың инвестицияларын тарту тәсілдері. Қатысушылар экономикалық ұйымдар құру қағидаттары, оның ішінде ұйымдардағы ресурстық қалдықтардың көздерін тану және оларға қарсы күрес, ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы үшін ақшалай қаражаттардың қозғалысын басқару мәселелерімен танысады. Күннің екінші жартысында қатысушыларға сервистік-бағдарланған ұйымдар құру әдістері ұсынылады. Бұл күн қаржы және бизнесті дамыту шеберлік сабағымен аяқталады.

Компоненттің 3-күні: Адамдар және болашақ.

Компоненттің үшінші күні көшбасшылық тақырыбына және табысты бизнес-жоспардың дамуына арналған. Тренинг «менеджмент» және «көшбасшылық» ұғымдарының, шағын және орта бизнес ұйымдарында көшбасшы рөлінің арасындағы айырмашылықты түсіндіруден басталады. Сондай-ақ, қатысушылар бизнес бағалау әдістерімен танысады. Күннің екінші жартысы сәтті бизнес-жоспарды жазуға, оның презентациясына арналған. Одан кейін жаттығу веб-сайтында жұмыс істеу нұсқауларын орындауға және тренингтің әрі қарай жалғасу бағытын түсіндіруге кетеді.

2 кезең: On-line семинарлар

Тақырып бойынша семинарлар өткізу: кәсіпкерліктегі құқықтық мәселелер, капитал тарту әдісі, табысты бизнес-жоспарды таныстыру. Қазақстандық мамандардың қатысуымен он-лайн семинарлар өтеді.

3-кезең: Бизнес-жоспар әзірлеу

Курстың қалған бөлігінде қатысушылар нарықтың техникалық-экономикалық негіздемесін және табысты бизнес жоспарын құрастыруы керек. Электронды түрде ағылшын тіліне аударылған бұл материалдар мұғалімдерге жіберіледі. Аудиттен кейін, барлық ескертулер мен бағалауды ескере отырып, бизнес-жоспарлар әзірлеушілерге жіберіледі.

Компонент аяқталғаннан кейін кәсіпкерлер  Назарбаев Университеті Дьюк университетімен бірге оқуды табысты аяқтау туралы сертификат алады. Болашақта кәсіпкерлер  «БЖК-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелде тақырыптық бизнес-тәжірибеге қатысу мақсатындағы «Іскерлік қатынастар» құралына  бизнес-жоспарлар жібере алады.

«Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» компонентіне қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Өтініш беруші кәсіпорынның жоғарғы немесе орта буын басшылық лауазымдарында болуы тиіс.
  2. Кәсіпорын шағын немесе орта бизнес субъектісі болуға тиіс.
  3. Кәсіпорынның ағымдағы қызметі Экономиканың басым секторларының тізбесі шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс
    («Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 1-бағытына сәйкес).
  4. Оқуға барып-келу ақысы мен, жатын жай ақысы кәсіпкердің өз қалтасынан төленеді.

Қатысушылардың оқу шығындары республика бюджетінен төленеді.

Компоненттің құрылымы: 30 қатысушысы бар 14 топ. Жылына 420 қатысушы.

Қосымша ақпарат алу үшін «Даму» қорының аймақтық филиалына, сондай-ақ Call-орталыққа хабарласыңыз. 8 (727) 244-55-77 және қала нөмірлерінен 1408 қысқа нөміріне хабарласыңыз.


Документтер