Cубсидирование проектов в рамках программы жилищного строительства "Нұрлы Жер" для бизнеса

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Нұрлы Жер

Нұрлы Жер

Бағдарламаның жалпы шарттары

Бағдарламаға қатысушылар

Тұрғын үй салуды жоспарлап отырған және несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендеткісі келетін жеке компаниялар

Несие сомасы

Шектеу жоқ

Несие мақсаты

Тұрғын үй салу *
* қолданыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру немесе әрлеуді қоспағанда

Пайыздық мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігі

несиенің сыйақы мөлшерлемесінің 7%-ы субсидияланады

Субсидиялау мерзімі

3 жылға дейін

Қатысушы банктер

Барлық екінші деңгейлі банктер, «Даму» қорының серіктестері

ЕДБ жеке құрылыс салушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5% артық емес сыйақы мөлшерлемесі бойынша қарыздар береді. (ҚРҰБ базалық ставкасы 10.25% + ЕДБ маржасының 5% ағымдағы бағам бойынша% 15.25% құрайды) 10.10.2017ж базалық мөлшерлемесі.

«Даму қоры» АҚ жеке құрылыс салушылардың несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 7%-ын субсидиялайды

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің  8,5%-ын жеке компания өзі төлейді

 

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау алу механизмі

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

Жеке құрылысшы Банкке жүгінеді

Банк жобаны жан-жақты тексеріп, Банктің оң шешімін береді

ТҚЖБ мен жеке компания ынтымақтастық туралы алдын-ала келісім жасайды, онда 1 ш.м. құны және салымшылардың саны белгіленеді

Жеке құрылыс компаниясы Бағдарлама үйлестірушісіне (әкімдікке) өтініш пен құжаттар ұсынады, одан кейін бағдарлама үйлестірушісі жобаны ӨҮК-ке жібереді. ӨҮК субсидиялау мүмкіндігі / мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды

ӨҮК мақұлданғаннан кейін, Банк, Қор және жеке компания үшжақты субсидиялық келісім жасасады, оның негізінде Қор субсидияларды ай сайын аударады

Сонымен қатар жеке құрылыс салушы ТҮЖБ салымшыларына тұрғын үйдің кем дегенде 50%-ын ұсынуы тиіс, онда 1 шаршы метрді сату бағасы Алматы, Астана қалаларында  260 мың теңге, ал қалған өңірлерде 220 мың теңгеге дейін дп белгіленеді.

 

«Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

 

ЖАО
1. Өңірлік орталықтарда, қала маңындағы аудандарда облыс орталықтарына, даму әлеуеті жоғары шағын және моноқалаларға жеке тұрғын үй салуды және ИКИ жүзгізуді ұйымдастырады.

2. Ол аз қабатты тұрғын үйлер үшін стандартты құрылыс жобаларын тегін ұсынады.

3. Жер учаскелерімен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, 1 шаршы метр құрылысының құны жеке тұрғын үйдің ш.м құны 120 мың теңгеден аспауы керек (ИКИ құнын есептемегенде)

 

ЖАО жеке үйлерді салу үшін жеке компания және (немесе) әлеуметтік және кәсіпкерлік корпорацияларды бір архитектуралық стильде үй салуға тартады. Жеке компания тұрғын үйлерді ЖАО арқылы кезекте тұрғандарға ғана сатады. Кезектегілер ТҮҚБ арқылы несие ала алады.

 

 

Жеке компания банкке келеді. Банк жобаның жан-жақты тексеріп Банктің оң шешімін береді



Жеке құрылыс компаниясы Бағдарлама координаторына (әкімдікке) өтініш пен құжаттар пакетін ұсынады,одан кейін бағдарлама үйлестірушісі жобаны ӨҮК-ке жібереді. ӨҮК субсидиялау мүмкіндігі / мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды

 

 

ӨҮК мақұлданғаннан кейін, Банк, Қор және жеке әзірлеуші үшжақты субсидиялық келісім жасасады, оның негізінде Қор субсидияларды ай сайын аударады

 


Қатысушы банктер

Документтер