Call-center (қонырау тегін)
1408
Нур-Капитал

Нұр-Капитал


Кім қатыса алады Маңғыстау облысының аумағында тіркелген және ұсынған жобасы Маңғыстау облысының Ақтауды қоспағандағы аймақтарында жүзеге асырылуы тиіс шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері.
Бір ШОКС алатын максимал сома          
30 млн теңгеге дейін

Несиелеу мерзімі         

1) инвестицияға – 84 айға дейін,

2) айналым қаражатын толықтыруға – 36 айға дейін.

Несиенің мақсаты         

1) инвестициялар;

2) несие аясында айналым қаражатын толықтыру, бірақ қарыз сомасының 10%-ынан аспайды

3) 100% айналым қаражатын толықтыруға рұқсат жоқ

Негізгі қарыздың жеңілдікті мерзімі 24 айға дейін, Банк шешеді
Номинал сыйақы мөлшерлемесі  8,5%-ға дейін
Валюта  теңге;

Басымдық берілген салалар

ШОКС жобасы экономиканың басымдық берілген салаларының ЭҚЖЖ сай келуі керек (төменде көрсетілген)
Қосымша талаптар

– ШОКС Қордың кепілдігін алу үшін «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы немесе басқа да бағдарламаларға қатысуға өтінім бере алады.;

–  Бағдарлама бойынша несие алған ШОКС, келесі жылы қаржыландырған жылымен салыстырғанда  қызметкерлердің орташа жылдық санын кем дегенде 1 (бір) адамға көбейтуге және қаржыландыру кезеңінің соңына дейін қызметкерлердің бұл санын қысқартпауға міндетті.

Маңғыстау облысы әкімдігінің жобаларды субсидиялау үшін бөлген арнайы трансферт есебінен «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер субсидия түрінде қосымша қолдау алады, бұл - жылдық пайыздық мөлшерлемені  8,5% -дан 1% -ға дейін төмендетеді.

Субсидия көлемі шамамен 7,5% құрайды, жобаларды Өңірлік үйлестіру кеңесі қарайды.






Қатысушы банктер