Бизнестің жол картасы 2025

Бизнестің жол картасы 2025

ТАЛАПТАР

Максималды сома

7 млрд теңгеге дейін

Мақсаты

инвестиция; айналым қаражатын толықтыру; қайта қаржыландыру

Мерзімі

5 жылға дейін

Субсидия мөлшері

6% дейін

ПАЙЫЗЫҢЫЗДЫ АЗАЙТАМЫЗ

Ақша мен уақытты үнемдеңіз. Дамуға көңіл бөліңіз. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау online.damu.kz сайтында

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Сүйемелдеу

Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі

Ыңғайлылық

Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім
беріңіз

Жылдамдық

Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдік
қарастыру

Сенімділік

Бізге сенеді. 17 000-нан астам жоба "Даму" Қоры арқылы субсидияланды

Бағдарлама аясында жобаларды портфельдік субсидиялау шарттары

Кімдер қатыса алады

Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері

Сала

Шектеу жоқ

Несиенің максимал сомасы

инвестицияға 20 миллион теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін

Субсидия  мөлшері

ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі + 8,5%, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды

Микронесие бойынша субсидия мөлшері

Сыйақы мөлшерлемесі 28%, оның ішінде субсидиялар 50%

 

Несие мерзімі 


 
  • инвестиция: субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды;
  • айналым қаражатын толықтыру: субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 2 жылды құрайды


Бағдарламаның екінші бағыты аясында  жобаларды субсидиялау шарттары

Кімдер қатыса алады

Өз жобаларын индустриялық-инновациялық салада жүзеге асыратын және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлайтын кәсіпкер/субъектілер

Сала

Салалық шеутеу жоқ (ҚР КК 4-тармағында көрсетілген сауда және қызмет түрлерін қоспағанда)

Несиенің максимал сомасы

Бір кәсіпкер үшін 7 млрд теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилді тұлғалардың/компаниялардың несиесі /қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

Субсидия  мөлшері

ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі + 5%, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды

Несие мерзімі

1. инвестиция:  субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды;

2. айналым қаражатын толықтыру:  субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылды құрайды

Қайта қаржыландыру

8 жылға дейінгі мерзім


Бағдарламаның екінші бағыты аясында субсидия беру механизмі

 

·                Кәсіпкер Банкке/Даму Банкіне/Лизингтік компанияға (бұдан әрі-ЕДБ/ҚДБ/ЛК) жүгінеді);

·                ЕДБ / ҚДБ / ЛК жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді;

* Оң шешім қабылданған жағдайда үш жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жобаны несиелеуге /қаржы лизингі шартын жасасуға дайындығы туралы "Даму" Қорын хабардар ете отырып, жазбаша жауап жібереді»;

* ЕДБ/ҚДБ/ЖК оң шешімі бар кәсіпкер осы субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен "ДАМУ" қорына жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді;

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған көшірме, дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

2) кәсіпкердің жүзеге асыратын жобасының бизнес-жоспары;

3) Сұрау салынатын кезең үшін салық берешегінің жоқтығы туралы салық органынан анықтама

4) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

5) банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның несие беру/қаржы лизингі шартын жасасу немесе кәсіпкердің кредиті/қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін талаптармен оң шешімі бар хаты.

* Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда, "ДАМУ" Қоры 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ЕДБ/ҚДБ/ЖК/кәсіпкерге қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, "ДАМУ" Қоры кәсіпкердің жобасын "ДАМУ"қоры уәкілетті органның отырысына ұсынады.

·                Кәсіпкердің жобасын уәкілетті орган "ДАМУ" Қоры құжаттар топтамасымен ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды;

·                "Даму" қоры уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде "ДАМУ" Қоры»:

Рәсімдейді;

Протоколға қол қояды;

Оң / теріс шешім болған жағдайда-ЕДБ/ҚДБ/ЛК/кәсіпкерге ілеспе хаты бар хаттамадан үзінді жібереді;

·                    "ДАМУ" қоры уәкілетті органның оң шешімінің қолданылу мерзімі "ДАМУ"қоры уәкілетті орган қабылдаған күннен бастап 6 айды құрайды.

                                     Кәсіпкердің бағдарламаның екінші бағыты аясында «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтінім беру тәртібі

* Кәсіпкер электрондық өтінімді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді, оған мынадай электрондық құжаттар топтамасы қоса беріледі:

1) кәсіпкердің жобасын іске асырудың бизнес-жоспары Не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (техникалық-экономикалық қорытынды/Банктің/Лизингтік компанияның тиісті қызметкерінің экономикалық қорытындысы). Аталған құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін ашатын басқа да құжаттар);

2) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

3) несие беру/қаржы лизингі шартын жасасу немесе кәсіпкердің несиесі /қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ/ҚДБ/ЖК хатының бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін талаптармен сканерленген көшірмесі.

4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және дара кәсіпкерді, кәсіпкерлік субъектісінің санатын тіркеу туралы хабарлама бойынша мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екендігі туралы мәліметтер "электрондық үкімет"шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде айқындалады.

Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе өтінімді тіркеуден бас тартады.

Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда, мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

1) тіркелген өтінімді бағдарлама шарттарына сәйкестігіне "ДАМУ" Қорының қарауына жіберу;

2) "Даму" Қорының кәсіпкердің келіп түскен өтінімін қарауы.

* "ДАМУ" Қоры өтінім тіркелген күннен бастап материалдарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, "ДАМУ" Қоры дәлелді бас тарту жібереді.

* Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар бағдарлама шарттарына сәйкес келген жағдайда, электрондық өтінім құжаттардың толық пакетімен "ДАМУ"Қорының уәкілетті органының қарауына жіберіледі.

·                    Кәсіпкерлердің өтінімдерін уәкілетті органның қарау тәртібі "ДАМУ" Қоры субсидиялау қағидаларының 7-тарауында регламенттелген.

·                    "ДАМУ" қоры уәкілетті органның шешімі "ДАМУ"қоры уәкілетті органның шешімі шыққан күннен бастап 6 ай қолданылу мерзімімен тиісті хаттамамен ресімделеді.

·                    "ДАМУ" қоры ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен хаттаманың үзіндісін жүктейді және Кәсіпкерге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жібереді. Сонымен бір мезгілде "ДАМУ" Қоры хаттамадан үзінді көшірмені ЕДБ/ҚДБ/ЛК ілеспе хатымен бірге жібереді.