«JULDE KZ»: Қазақстандағы трофейлер мен медальдар өндірісінің көшбасшысы

Жаңалықтар
06.08.2024

«JULDE KZ» ЖШС 2019 жылы Қазақстан нарығына жоғары сапалы трофейлер, сувенирлер, наградалар және спорт кубоктарын ұсыну мақсатында құрылды. Алғашқы күндерден бастап компания италиялық өндіруші F.LLI CASALEGNO SRL-пен серіктес болды. Бұл стратегиялық серіктестік «JULDE KZ»-ге халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы өнімдерді ұсынуға мүмкіндік берді.

Компания бизнесті кубок сатудан бастады, бірақ тез арада кеңейіп, Қазақстанда рельефті медальдар өндіру бойынша бірінші орынға шықты. Білікті дизайнерлерден құралған команданың тәжірибесі мен кәсібилігі арқасында клиенттеріне жеке эскиздер бойынша және сапа талаптарының ең қатал стандарттарына сәйкес өнімдер ұсынады.

2023 жылдың соңында заманауи жабдықтар сатып алу үшін «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. Бұл инвестиция компанияға өндірістік процестерді жаңарту және өнім сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы арқасында компания қарыздың пайыздық мөлшерлемесін 8,25%-ға дейін төмендетіп, қосымша мүмкіндіктерге ие болды.

Мемлекеттік қолдау компания үшін маңызды ынталандыру болды, оған Қазақстан нарығындағы позициясын нығайтуға және белсенді даму жолына түсуге мүмкіндік берді. ТОО «JULDE KZ» өз жоспарына бизнес мүмкіндіктерін кеңейту және жаңа жобаларды енгізу арқылы жетекші позицияларды сақтап қалуды және клиенттердің әртүрлі сұраныстарын қанағаттандыруды көздейді.

«Біз әрқашан клиенттердің қажеттіліктерін ескереміз және бизнес мүмкіндіктерін кеңейту үшін жаңа жобалармен жұмыс істеуге дайынбыз. Жұмысымызда сапа мен кәсібилікке жоғары бағалаймыз, бұл бізге клиенттер арасында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті компания басшысы.

«JULDE KZ» компаниясының тарихы — жоғары сапалы өнімдер, инновациялық технологиялар және мемлекеттік қолдаудың тиімді пайдаланылуының табысты үйлесімінің жарқын үлгісі, бұл маңызды жетістіктер мен тұрақты бизнестің дамуына әкеледі.

Мекенжай: Астана қ., Аманжолов көшесі, 24-үй, 67-пәтер

Телефон: +7 (705) 425-41-41, +7 (701) 221-80-01

Сайт: www.julde.kz