Металлопластик бұйымдар өндіруші – «Отличные окна» ЖШС

Жаңалықтар
15.08.2024

Жоғары сапалы заманауи материалдардан ПВХ және алюминий бұйымдарын өндіру – «Отличные окна» ЖШС қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Компания 2008 жылы тіркелген. Жетекшісі – Шуменко Владлен Валерьевич.

«Отличные окна» ЖШС металлопластик бұйымдары сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Компания өндірісте жоғары сапалы материалдар мен озық технологияларды ғана пайдаланады.

Компания үйде металл пластик терезелер шығаруды бастағанда арнайы құрал-жабдықтар алған соң жұмыс тиімділігі артты.

2023 жылы құрал-жабдықтарды жаңарту үшін «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Қор қарызды субсидиялап, қолдау көрсетті.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысудың арқасында тағы 4 адам жұмыспен қамтылды.

«Отличные окна» ЖШС бәсекелестердің бағасынан төмен, бірақ көп сатылы бақылаудан өткен өнімдерді ұсынады. Жеке өндірістік кешен – компанияның мақтанышы. Автоматтандырылған цех тапсырыс берушінің талабы бойынша стандартты және стандартты емес металл-пластик бұйымдарды шығарады.

Ұлытау облысы, Жезқазған қ, Есенберлин көш. 5/2

Email: t.r.yu.63@mail.ru

Телефон: +7 705 829 65 75