Mustang Фитнес – жан мен тәнге қамқорлық

Жаңалықтар
21.08.2024

2019 жылы құрылған «BUS-PVL» ЖШС-тің негізгі қызметі автобус паркі болатын. Директоры – Әділхан Шайкенов 2023 жылдың сәуір айында Павлодар облысының Ақсу қаласында ауданы 500 ш.м. тұрғын емес ғимаратты (фитнес орталығы) сатып алды.

Бұған түрткі болған – бүкіл Ақсу қаласында фитнес орталығы болмағандығы. Қаланың әр жеріндегі көп қабатты ғимараттардың жертөлелерінде орналасқан тренажер клубтары мен шағын залдарда спортпен шұғылдану үшін толыққанды жағдай, қажетті тренажерлер жоқ.

Ғимаратты сатып алу үшін кәсіпкер «ForteBank»-ке жүгінді. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21,75%-дық несиені кәсіпкер жеті пайызбен кәсіпкер төлейді, айырмасы мемлекеттік субсидия. «Даму» қоры кепілдік те берді.

Спорт зал Ақсу қаласының халқына есік ашқалы мұнда пилатес, зумба, йога және т.б. сияқты сабақтар өтіп келеді. Фитнес орталығы барлық қажетті тренажерлармен жабдықталған, сондай-ақ жеке және топта сабақ өткізетін жаттықтырушылар бар. Таңғы 08:00-ден кешкі 23:00-ге дейін, күн сайын үзіліссіз және демалыс күндері жұмыс істейді.

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Камзин көшесі 67/1

Инстаграмм парақшасы: @mustanggym.kz

Телефоны: +7-747-614-54-14