«Климат-Гарант Азия» сіздің үй-жайыңызда тамаша климат жасайды

Жаңалықтар
26.08.2024

2020 жылғы 5 қазанда құрылған «Климат-Гарант Азия» компаниясы –желдету жүйелері саласында 15 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі бірлестік. Компанияның негізгі мақсаты – тазалық пен жайлылықты қамтамасыз ете отырып, үй-жайларда тамаша климат орнату.

Компанияның негізгі бастамаларының бірі өнім сапасын жақсартып, жоғары өнімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін – құбыр өндірісін құру болды. Өз өндірісін жолға қою арқылы өнімнің сенімділігіне кепілдік бере алады.

«Климат-Гарант Азияның» бәсекелестерінен тағы бір артықшылығы – өз автопаркі бар логистикалық компаниясының болуы. Бұл өнімді жедел жеткізуге және оның сақталуына кепілдік беруге мүмкіндік береді. Компания жоғары стандарттар мен еуропалық сапаға ұмтылады.

2021 жылы компания «Қазақстан Халық банкінен» несие алып, өндіріске жабдықтар сатып алды. Қарыздың мөлшерлемесі 14% құрады, оның 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды және несие сомасының 85%-ына кепілдік берді. Сондай-ақ 2024 жылы компания «Даму» қорынан субсидия мен кепілдік ала отырып, «Қазақстан Халық банкінен» айналым қаражатын толықтыруға несие алды.

Бұл – компанияға жабдықты жаңартып қана қоймай, сонымен қатар қызмет пен сапаның жоғары деңгейін сақтай отырып, тиімді дамуға мүмкіндік берді.

Петропавл қаласы, Н.Болатбаев көшесі 17/5

Тел: +7 (707) 165-28-22

Instagram: @klimat_garant.azia