Тараз қаласында «Танта бастауыш мектебі» ашылды

Жаңалықтар
27.08.2024

«Танта бастауыш гимназия мектебі» ЖШС ресми түрде 2023 жылы тіркелген. Компанияның директоры және құрылтайшысы – Болатбеков Руслан Мелисович.

Серіктестік 1-4 сынып оқушыларына арналған 200 орындық білім беру қызметімен айналысады.

2023 жылдың басында кәсіпкер бастауыш сынып оқушылары үшін жалпы ауданы 872 шаршы метр заманауи екі қабатты мектеп салуды жоспарлап, жинаған қаражатына Байзақ ауданындағы жер учаскесін сатып алып, мектеп құрылысын бастады.

Бірақ мектептің құрылысын аяқтау үшін несие қажет болып, Руслан Болатбеков «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Жамбыл филиалына жүгінуге шешім қабылдады. Жобаны «Даму» қоры қолдап, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидия ұсынды.

Несие мен мемлекеттік қолдауды алғаннан кейін Руслан Болатбеков заманауи стандарттар бойынша жаңа мектеп ашып, өз идеясын табысты іске асырды. Оқу заманауи білім беру стандарттарына сәйкес, сондай-ақ инновациялық авторлық әдістемелер мен технологиялар бойынша жүргізіледі, өйткені әрбір ата-ана балаға жақсы және сапалы білім беруге ұмтылады.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы, Шайқорық ауылы, Вархан көшесі, 3 үй. 11 Б.

Instagram: @tanta.scool.taraz

Тел: +7-708 346 42 23