Білім – өмір шырағы

Жаңалықтар
29.08.2024

Amanat school – 200 балаға арналған бастауыш мектеп. Мұнда мектепке дайындық сыныптары, ағылшын тілі курстары және т.б. да қарастырылған. Ата-аналар мен оқушылардың белгілі бір пәндерді таңдау мүмкіндігі де бар. Мекеменің қосымша артықшылығы – оқушылардың жеке қасиеттерін, оның ішінде риторика, қарым-қатынас және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға назар аударуы. Жоғары білімді білікті оқытушылар, оның ішінде бірінші және екінші санатты оқытушылар сабақ береді.

Мектеп жалпы ауданы 1080 ш.м. құрайтын жер учаскесі бар үш қабатты ғимараттан тұрады. Барлық қажеттімен жабдықталған, заманауи дизайнда сәнделген.

Мектеп ашу үшін ғимарат сатып алып, оған күрделі жөндеу жүргізу мақстаныда кәсіпкер Камалова Ақмарал Сәрсенқызы «Forte Bank»-тен несие алды. «Даму» Қорының қолдауымен «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қарызын субсидиялап, кепілдік құралын пайдаланды.

Мектеп жанында спорт зал мен 180-200 орындық асхана жұмыс істейді, олар да «Даму» Қорының субсидиялау және кепілдік беру құралдарының қолдауымен салынды. Мектептің үлкен спорт залы швед қабырғалары, гимнастикалық қоссырықтар, көпірлер, баскетбол, футбол, волейбол торлары және т. б. негізгі және әртүрлі элементтері бар қажетті жабдықтармен қамтылған.

Дұрыс тамақтану – адам денсаулығына жауап беретін негізгі факторлардың бірі. Мектепте оқушыларға берілетін тағамның әртүрлі, калориялы және қажетті мөлшерде дәрумендер мен минералдардың болуына үлкен мән беріледі. Мектепте жедел таңғы ас, кешенді таңғы ас және кешенді түскі ас түрінде бірнеше тамақтану жүйесі енгізілген.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, М.Әуезов көшесі, 30

Тел: 8 705 432 87 87, 8 705 637 90 90

Инстаграм: amanat.school