«Хайрлин А» ЖК – таза ауаның кепілі

Жаңалықтар
02.09.2024

Ғимараттар құрылысы кезінде қабырғалар мен тірек құрылымдарын салумен қатар, желдету, ауа алмасу жүйелерін орнатудың маңызы зор.

Желдеткіш – адамдар тұратын немесе жұмыс істейтін бөлмелердегі ауа алмасуын, ішіндегі ауа құрамын, температура мен ылғалдылықты бақылау арқылы қолайлы микроклимат жасайтын құрылғы.

«Желдету жүйесінің негізгі міндеті – ауа құрамын бақылау. Үй-жайлардың ішінде бөлшек тақтадан жасалған жиһаз, тұрмыстық химия, газ плиталары, өндірістен шыққан қалдықтар сияқты көптеген зиянды заттар жиі кездеседі. Дұрыс тыныстау үшін олардың концентрациясын азайту керек. Заманауи желдету жүйелері үй ішіндегі ауа массасын тазартып қана қоймайды, сонымен қатар үй ішіне кіретін ағынды сүзе алады, оны жылытады немесе салқындатады немесе ылғалдандырады»,- компания басшысы Асланбек Хайрлин.

Кәсіпкердің өндірісті кеңейту жөніндегі жобасын «Банк Центр Кредит» АҚ мақұлдап, несие берді. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Қор субсидия ұсынып, қарыз жүгін азайтты.

Болашақта «Хайрлин А» ЖК клиенттер саны мен қызмет көрсету сапасын бұдан да арттыруға ниетті.

г. Атырау, Абылай хан көшесі, 55

Телефон: +7 778 532 75 19