«Zhagalau Resort» қонақ үй кешені Ақтау қаласынан 9 шақырым жерде орналасқан. Кептеліссіз, оңтайлы маршрутпен базаға 20 минут ішінде жетуге болады. Кешен аумағында бейнебақылау бар, қауіпсіз. Қонақ үй мен мейрамхана жұмыс істеп тұр.
Қонақ үй бөлмелері тәулігіне 59 000-нан 149 000 теңге аралығында. Екі орындық люкс - 59 000 теңге, төрт орындық люкс-79 000 теңге, бес орындық люкс – 89 000 теңге, алты орындық люкс - 99 000 теңге, алты орындық VIP бөлме – 149 000 теңге. Қонақ үйдегі барлық бөлмелер жаңа, жайлы.
Үйшіктер мен қонақүй бөлмелерінсіз жағажайға кіру ересек адам үшін 5 500 теңге, үш жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 3 000 теңге, үш жасқа дейінгі балаларға – тегін. Автокөлікті тұраққа қою үшін демалушыларға ақы төлеудің қажеті жоқ. База аумағына су, шырындар мен жеңіл тағамдарды қоспағанда, өз тағамдарын әкелуге тыйым салынады. Базада Bali Jade деп аталатын әдемі, жайлы мейрамхана бар.
Бизнесті дамыту үшін несие қажет болғанда кәсіпкер «ForteBank»-тен несие алды. «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайызын субсидиялады.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Instagram: @zhagalau_resort.aktau
Тел.: + 7 (771) 707 12 12