Қазақстанда бірнеше жыл бұрын сальса және аргентиналық танго мектептері барлық жерде ашыла бастаған кезде бұл істің келешегі зор бизнес екені белгілі бола бастады. Би үйрету ісі нарығы қарқынды дами бастады. Жыл сайын жаңа мектептер ашылады. Бірақ олар да жабылады. Нарық үнемі жаңарып отырады.
Жалпы тұтынушылардың сұраныстары бойынша би нарығында негізгі 3 сегментті бөлуге болады. Олар: конкурстарға қатысу үшін кәсіби спорт ретінде, хобби ретінде, сондай-ақ фитнес ретінде.
ЖК «Исаева Т. С.» 2017 жылы тіркелді. Исаева Татьяна ашқан «Alegria» би мектебі – прогрессив бағдарламалары бар, тәжірибелі оқытушыларди жинаған орталық. Мұнда келушілер жеке тұлғасын дамуға арналған жаттығулардың әр түрлі нұсқаларын таба алады және жаңа дүниелерді игере алады.
Би студиясында олар тек пластиканы үйренбейді, мұнда адамның өмір салты өзгереді. «Alegria» би мектебінде өзін толықтай биге арнаған хореографтар жұмыс істейді.
Мектеп басшысы Исаева Татьяна мемлекеттік қолдауды пайдаланып, ғимаратты жөндеуге «Қазақстан Халық банкінен» 20 млн теңге несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасының арқасында ол несиенің 21,5%-дық пайызын «Даму» Қоры арқылы субсидиялап, тек 8%-ын ғана төлейтін болды. Несие «Микро және шағын бизнесті қолдау» бағыты аясында, «Даму» Қорының 85%-дық кепілдігімен мақұлданды.
«Alegria» би мектебі жай ғана мектеп емес, ол тату отбасы сияқты ұжым. Айына бір рет фильм көріп, шеберлік сабақтары, джем, кештер өтеді. Мектептің өз эмблемасы мен формасы бар, жаз кезінде спорттық лагерь ұйымдастырылады.
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Абай көшесі 150
Байланыс телефоны: +7-705-205-16-06