Сапа – табыстың басты кілті

Жаңалықтар
11.09.2024

Ольга Лимерова 2001 жылы әпкесімен бірге балалар жөргектерін тігіп кәсіп бастаған. Бастапқыда өнімдерді сату үшін шағын дүкенді жалға алды. Бірақ ісін дөңгелентіп әкетуге бұл жеткіліксіз болып шықты. Уақыт өте келе сұраныс көбейді, өндіріс те өсті. Дайын өнімді сұрайтын сауда көбейді. Біртіндеп балалар киімін тігетін шеберхана ашылды. Бұл тігіншілер мен сатушылар үшін жаңа жұмыс орны еді. Мұнымен қатар олар тұтынушылардың сұрауы бойынша Ресейден, Түркиядан және Қытайдан жаппай ойыншық, аяқ киім, шұлық бұйымдарын әкеп сата бастады.

2013 жылы Ольга «Даму» Қорының қолдауымен Берлинде тағылымдамадан өтті. Германияда оқып жүріп, іскерлік байланыс орнатып, бизнес әлемінің қыр-сырын меңгерді.

Пандемия бизнеске өз әмірін жүргізді. Өндіріс пен сауданы біраз айға тоқтатуға тура келді. Тіпті кейбірі толық жабылды. Осы сәтте «Даму» Қорымен серіктесу идеясы келді.

Ольга Төлеуғалиқызы «Банк ЦентрКредиттен» 2023 жылдың жазында несие алып, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қоры пайыздық мөлшерлемені жылына 8%-ға түсірді.

Ольга бұл несиені бизнесті қайта жолға қою мақсатында алған. Болашақта кәсіпте үлкен өзгерістер жасау жоспарда бар.

«Лимерова Ольга Толеугалиевна» ЖК

Байланыс телефоны: +7 707 945 77 28

Мекенжайы: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, Засядко көш., 88А

Инстаграм: @modnyashka_semey