Moody's «Даму» Қорының рейтингін Baa2/Prime-2 деңгейіне көтерді

Жаңалықтар
12.09.2024

Moody's «Даму» Қорының рейтингін Baa2/Prime-2 деңгейіне көтерді 

Moody's Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін Baa3/prime-3-тен Baa2/Prime-2-ге дейін көтерді. Болжам бұрын оң болса, қазір тұрақтыға өзгерді.

Moody's пікірінше, бұл рейтинг Қазақстан Үкіметінің рейтингін Baa2-ден Baa1-ға дейін көтеріп, болжамды 2024 жылғы 9 қыркүйектегі тұрақтыдан оңға өзгерту шешімінен кейін келді. Елдегі институционал және саяси құрылымның жақсарып келе жатқаны, экономиканы көмірсутектерден әртараптандыру шараларының оң қарқыны рейтинг агенттігінің шешіміне әсер етті. Болашақта бұл тұрақтылық жалғаса береді деген сенім бар.

«Содай-ақ, Қордың рейтингін көтеру оның ұлттық даму институты ретіндегі мемлекеттік саясаттағы рөліне де байланысты. Бұл – бизнес жүргізуге сенімді орта қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Компанияның капиталдану көрсеткіштері акционердің тұрақты капитал құюының және табысты орнымен айналдырып, бизнеске қайта инвестициялауының арқасында жоғары болып қала береді», - деп атап өтті Moody's өз мәлімдемесінде.