Ауыр жүкті оңай көтер

Жаңалықтар
12.09.2024

Құрылыс басы мен қойма алаңдарында жүк көтеріп, жылжытуда ілмектер – ең маңызды элемент.

Бұл арнайы ілмек – арқан, кабель немесе шынжырға бекітілген жүкті ұстап, көтеріп, жылжытуға арналған құрылғы.

Жүк көтергіш ілмектер құрылыс пен ауыл шаруашылығында, мұнай-газ және орман өнеркәсібінде, теміржол саласында қолданылады. Қолдану аясына қарамастан сертификатталуы және мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі керек.

ЖК «Төлендиев» арқан, шынжыр, тоқыма секілді әртүрлі типтегі ілмектер шығаратын отандық өндіруші. Өнім диаметрі 10-нан 32 см-ге дейін болады. Сондай-ақ, өндірілетін өнімдер қатарында жүк көтергіш жабдықтың басқа түрлері де бар.

Ілмек өндірісі сапалы материалдар мен жоғары білікті қызметкерлерді қажет ететін жауапты және қиын процесс болғандықтан, цехта шығарылатын өнімнің сапасын қатаң бақылауда болады.

Өнім ассортиментін кеңейту мақсатында ЖК Төлендиев айналым қаражатын толықтыру үшін «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. Жобаны «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» бірінші бағыты аясында «Даму» Қоры қолдап, субсидия, кепілдік берді.

Кәсіпкер цехы 2014 жылдан бастап жұмыс істейді және осы кезеңде ол өзін сенімді серіктес және жоғары сапалы өнім өндіруші ретінде көрсете алды.

Адрес: Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр, 54А

+7 777 343 01 10