Балалар – жарқын болашағымыз

Жаңалықтар
13.09.2024

Жыл өткен сайын тілі кеш шығатын, сөйлей алмайтын, аутизм диагнозы қойылған балалар көбейіп келеді. Мұндай мәселеге тап болған ата-аналар ең алдымен баланы дамытуға көмектесетін орындар іздей бастайды. Мұндай бағыттағы балабақша ашу жалпы типтегі балабақша ашумен салыстырғанда қиынырақ. Мұндағы құрылым эмоционал-ерік, танымдық, қозғалыс саласын дамыту, әр баланың жеке басының жағымды қасиеттерін дамыту және оны сауықтыру үшін ерекше жағдай жасауды талап етеді.

2023 жылдың сәуір айында ісін жаңа бастаған кәсіпкер Самал Халидуллинаның арқасында Атырау қаласында «Jas Tumar» атты арнайы балабақша ашылды. Бұл жер көп балаға үміт пен сенім сыйлады.

«Jas Tumar» ерекше балаларға арналған балабақша дене шынықтыру-сауықтыру, тәрбиелеу-білім беру, түзете отырып дамыту, әлеуметтендіруге баса назар аударады. Сенсорлық интеграция, АВА, АРТ, құм терапиясы, тұз шахтасы, бассейн, иппотерапия және т.б. қажеттіліктермен толық жабдықталған. Арнайы мәзірмен 4 мезгіл тамақтандырады, тасымалдау қызметі жұмыс істейді. Мектепалды даярлыққа 4 топ ашылды. Қазір бұл жерге 40-қа жуық бала келеді.

Бизнесті кеңейтер кезде «Халидуллина С» ЖК бұл жобасы  «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында портфельдік кепілдікпен «Банк Центр Кредиттен» несие алды.

Әлеуметтік жауапкершілік аясында «Jas Tumar» балабақшасының әкімшілігі аз қамтылған отбасыларға, жартылай жетімдерге, жетімдерге, мүгедектерге 50% мөлшерінде жеңілдік береді.

Атырау қ. Неверов көшесі 39,

+7 778 006 86 83

Instagram: @jas_tumar_damytu_balabaksha

.