Талдықорғандық кәсіпкер жалюзи мен ролл перделер шығарады

Жаңалықтар
20.09.2024

Қазір жалюзилер мен ролл перделер әдеттегі мата перделердің орнын басты. Өйткені олардың көп артықшылығы бар. Бөлмені күн сәулесінен жақсы қорғайды, белгілі бір дәрежеде құрамында арнайы материал болғандықтан бөлменің ысып кетуіне жол бермейді.

Талдықорғандық жеке кәсіпкер Нұрхамитов Айдын Сейтханұлының жалюзи мен ролл перделер шығарумен айналысып келе жатқанына 5 жылдан асты. Компания әртүрлі материалдардан әртүрлі типтегі сапалы құрылымдар жасайды. Өндірісте тік және көлденең, кеңсе, пәтерлер мен үйлерге арналған әртүрлі терезе жалюздері.

«Қазақстан Халық Банкінен» жалюзи мен роликті перделер өндірісінің қызметін кеңейту үшін айналым қаражатын толықтыруға несие алғанда «Даму» Қоры «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында қолдады.

Қазір цехта тәжірибесі мол білікті жұмысшылар жұмыс істейді, олар жылына шамамен 8000 дана тауар шығарады.

Бағасы, сапасы және кең ассортиментінің артықшылығы кәсіпкердің бизнесін табысты етіп отыр.

+7 707 970 88 77

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев көшесі, 68/78 үй