Тараз қаласында білім беру орталығы ашылды

Жаңалықтар
17.09.2024

«Әбілмансұр» ЖШС ресми түрде 2017 жылы тіркелген. Компания директоры - Әбілсейіт Айтуғанұлы Тілепбергенов.

2023 жылдың басында Әбілсейіт Тілепбергенов 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған заманауи білім беру орталығына ғимарат сатып алуды жоспарлады. Оқыту бiлiм берудiң заманауи стандарттарына сәйкес келетiн бағдарламалар бойынша, сондай-ақ әр ата-ана балаға жақсы және сапалы бiлiм беруге ұмтылатындықтан логика, математика, емтихан жазу, тез есептеу және т.б. тiлдердi (ағылшын, түрiк) оқыту бойынша жүргiзiлетiн болды.

Білім беру орталығын сатып алу үшін несие қажет болды Әбілсейіт Тілепбергенов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл филиалына жүгініп, қаражат тарту бойынша қажетті ақпаратты алған соң «ForteBank»-тен несие алды. Жобаны субсидиялау құралы аясында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры қолдады.

Несие мен мемлекеттік қолдау алғаннан кейін кәсіпкер заманауи стандарттар бойынша жаңа мектеп ашып, өз жобасын табысты іске асырды.

Мектептің мекен-жайы: Тараз қаласы, Самал шағын ауданы, 9А

Тел: +7 747 713-17-92