Gefest Pro – сапалы металл өнімдері

Жаңалықтар
07.08.2024

Құрылыс, инфрақұрылымдық жобалар мен өнеркәсіп дамуының артуына байланысты кабель науаша, қалқан, арнайы шкаф сияқты металл өнімдерге сұраныс артып келеді. Бұл – металл өңдеу саласындағы өндіруші кәсіпорындардың өсуіне мүмкіндік береді. Ақмола облысындағы осындай өндірушілердің бірі – «Gefest Pro» ЖШС.

«Gefest Pro» компаниясы — «KZ-да жасалған» отандық өндірушілердің тізіліміне енгізілген. Ауданы 2000 шаршы метр өндірістік база Ақмола облысының Қосшы қаласында орналасқан. Кәсіпорын электр қалқандарын, кабель каналдары (науа, профиль), еденде тұратын қалқандар, өрт сөндіру шкафын және басқа да қаңылтырдан жасалған бұйымдарды шығарады. Зауыт жобаланған кабельдік трассаларды төсеу жүйелері, сондай-ақ электр және тарату қалқандары әртүрлі ғимараттар мен құрылыстарды электрмен жабдықтаудың заманауи әдісін ұсынады, оның ерекшелігі қарапайымдылық пен үнемділік болып табылады. Кәсіпорын өз өнімдерін дайындап қана қоймай, толық құрастырады.

2023 жылдың күзінде «Gefest Pro» ЖШС металл өңдеу жабдықтарын сатып алу үшін Bank RВK-дан қаржы алды. Қарызды «Даму» Қоры «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялады. Нәтижесінде несие бойынша мөлшерлеме жылдық 21%-дан 7%-ға дейін төмендетілді.

Жаңа жабдықты енгізу «Gefest Pro» ЖШС-не өндірістік мерзімдерді қысқартуға, өндірістік қуаттылықты арттыруға, өнім сапасын жақсартуға және шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік берді. Заманауи жабдықтар компанияға нарықта бәсекелестерінен артықшылық берді.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы қаласы, Азаттық көшесі, 2-үй

Телефон: +77058153586, +77027274688

Instagram @gefest_pro_ast