Нұрал Оразғалиұлы бизнесті 2017 жылы ұлымен бастаған. Негізінен Семей қаласында майлық, дәретхана қағазы сияқты қағаз өнімдерін өндіріп, сақтап, сатумен айналысады. Мұндай қағаз өнімдер бөлшек сауда желілерінде, қоғамдық тамақтану орындарында және күнделікті өмірде ең танымал және сұранысқа ие гигиеналық өнімдердің бірі. Аса қымбат емес және қайта өңдеуге келеді.
Өндіріс отбасылық кәсіпке айналды.
Бастапқыда жұмыс орны болмағандықтан гаражда жұмыс істеуге тура келді. Әрі сату да қиын болды. Қазір бизнес жалға алынған цехта жүріп тұр. Өткізетін орындар көбейді. Негізгі тұтынушылар – мейрамханалар, кафелер, қоғамдық тамақтану орындары
2023 жылдың басында кәсіпкер жабдық сатып алу үшін «Банк ЦентрКредитке» жүгінді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры несиенің пайыздық мөлшерлемесін кәсіпкер үшін жылына 6%-ға дейін түсірді. Сондай-ақ кепілдік жетіспейтін бөлігіне Қор кепілдік берді.
Абай облысы, Семей қаласы, Гагарин көш. 335
+7 (777) 271-79-99