menu
Жабу

Grand Miks: «Сіздің стиліңізге біз жауап береміз»

Жаңалықтар
17.07.2024

Осыдан 25 жыл бұрын шағын қала Түркістанда «Grand Miks» брендінің негізін қалап, кәсіпкерлік бастаған Собиржан Исхаковтың алды күмән, ісінің болашағы белгісіз еді. Тек сапалы өнім шығаратын өндірістің жұмысын жолға қоюды армандады. Нәтижесі жаман емес. Осы жылдар ішінде ол тынбай еңбектену, үздіксіз алға ұмтылудың нәтижесінде заманауи кәсіпорын құрды.

Қазір «Grand Miks» қарапайым шеберханадан 5 гектар жерді алып жатқан және 150-ден астам адамға жұмыс беріп отырған алып өндіріс орны. Мұнда шығатын жұмсақ жиһаздардың атауы да, түрі де алуан. «Престиж», «Прага», «Монреаль», «Катрин», «Симон» және «София» деп жүзге жуық атауға дейін кете береді. Собиржанның шеберлері шығаратын жиһаздар талғамы жоғары кез-келген тұтынушының көңілінен шығады, бағасы да әр әмиян иесінің қалтасына лайық.

Компанияның бүкіл Қазақстан бойынша дилерлік желісі бар, Ресей, Түркия, Италия, Беларусь және Украина жеткізушілерімен жұмыс істейді. Жақында Қырғызстанға экспорттай бастады.

Компания жиһаз өндірісінің айналым қаражатын толықтыру үшін жылына 21,75%-бен «Қазақстан Халық банкінен» несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында оның 14,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды

Қазір «Grand Miks» клиенттеріне сұлулық, дизайн және эстетиканы үйлестіре отырып, қол жетімді бағамен сән-салтанатты дүниелер ұсынады.

Түркістан қаласы, Бірлік ауданы, Наурыз көшесі, 10а.

Телефон: +7 (747) 450 63 95, +7 (702) 258 97 06

Instagram: @grand_miks_official