06.12.2024
Абай болыңыздар!
Алаяқтар көбейіп барады
«Даму» Қоры WhatsApp немесе Telegram мессенджері арқылы жасалатын алаяқтық жиілеп бара жатқаны жайлы ескертеді.
Зиянкестер кәсіпкерлерге «Даму» қорының басшысы немесе қызметкерлері атынан хат жазып, шот жіберіп, ақша аударуды сұрап жатыр.
Осыған байланысты баршаны сақ болуға шақырамыз. Күдікті нөмірден түскен хабарлама, қоңырауларға сенбеуге, ақша аудармауға, олар жіберген сілтемелерге кірмеуге және ешкімге жеке деректеріңізді жария етпеңіздер.
Мұндай қоңырау/хабарлама түскен жағдайда, дереу әңгімені үзіп, өз өңіріңіздегі полиция департаментінің сенім телефонына алаяқтық фактісі туралы хабарлаңыз.