Кеңес ал!
«Мелада» демалыс базасы Бұқтырма су қоймасының жағасында, Мохнатка тауының етегінде орналасқан. Демалыс базасы су жағасындағы қылқан жапырақты және көктеректі орманның қоршауында тұрғандықтан, табиғаттың сұлулығын тамашалап, тыныштықта ми сергіте аласыз. Қонақтарға жаяу серуендеп, велосипедпен жүруге жағдай жасалған. Қаладан демалыс орталығына дейін толықтай асфальтталған жол бар.
Қонақтар өз жағдайы мен бюджетіне қарай ең жақсы нұсқаны таба алатындай әр түрлі бағада, кең таңдау ұсынады. Мұнда жайлы үйшіктер мен кең сарайға дейін салынған. Екі қабатты қонақ үй-люкс және коттедждер, екі деңгейлі бөлмелері бар, демалушылар тұратын және қызмет көрсететін, жайлылық пен жағымды демалыс үшін Еуропа стандарттарына сәйкес келетін деңгейде жағдай жасалған. Монша, сауна, демалыс бөлмесі, бильярд бөлмесі бар.
Әр коттедж жанында ағаштан жасалған жеке беседка бар. Базаның аумағы қоршалған, толық абаттандырылған және көгалдандырылған және тәулік бойы қорғалады. Екі автотұрақ, жағада ойын алаңы мен үлкен жеке жағажай бар.
Кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен» демалыс базасын кеңейтуге несие алғанда «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені жылына 10%-ға дейін азайтып, субсидиялады.
+7 705 529 99 35
Мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Самара тас жолы, 29.