Кеңес ал!
KondiZ фабрикасы – 2018 жылы Семей қаласында құрылған жас әрі қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын.
Фабрика крекер, қант, сары май қосып пісірілген печеньелер шығарады. Немістің Werner & Pfleiderer заманауи жабдығында жылына 22 мың тоннадан астам өнім шығады және Ресей, Литва, Моңғолия, Қырғызстан мен Беларусь еліне экспортталады.
Kondiz – жоғары сапа мен инновациялық тәсілдердің арқасында Қазақстан ғана емес, одан тыс жерлерде де танылған компания. Құрылған сәттен бастап мұнда 100-ден астам печенье түрін шығарып келеді. Барлық өнімдердің халықаралық сертификаты бар, ең қатаң сапа стандарттарына сәйкес.
Печенье өндіру қуатын арттыру мақсатында фабрика «Банк ЦентрКредиттен» несие алғанда «Даму» Қоры кепілмүлік жетпеген бөлігіне кепілдік беріп қолдау көрсетті.
«KONDIZ DISTRIBUTION» ЖШС
+7 7222 33-08-07
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Сорокина к-сі, 39
Сайт: https://www.kondiz.kz