menu
Жабу

«Medcomfort» ЖШС: Сапа – табыс кілті!

Жаңалықтар
16.01.2025

2016 жылы құрылған «Medcomfort» ЖШС Қазақстандағы медициналық жиһаз бен жабдық шығару нарығында өз орнын тапқан компания. Алғашқы күннен бастап арнайы функциялы кереует, гинекология креслосы, операция үстелі және бактерицид сәулемен залалсыздандырғыштар шығарып келеді.

Өнімдер заманауи жабдықта, сенімді және ұзаққа шыдас беретін материалдар қолдана отырып жасалады. Бұл – өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, компания жұмысына әлемдік медициналық үрдістерге сәйкес ең жақсы шешімдер, инновациялар енгізіп, клиенттеріне арзан ғана емес премиум деңгейдегі өнімдерді де ұсынады.

Компания үшін маңызды кезеңдердің бірі – мемлекеттің қолдауы болды. 2024 жылы «ForteBank» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін 19,25%-бен несие алған кезде оның 11,25%-ын «Даму» Қоры мемлекеттік бағдарлама аясында субсидиялады. Бұл – компанияның нарықтағы позициясын нығайтуға және өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

«Medcomfort»-тан эконом-класстағы модельдерден бастап, пациенттердің максимал ыңғайлылығы үшін қосымша функциялары бар қолайлы шешімдерге дейін табуға болады. Мұндай кең таңдау компанияға мемлекеттік мекемелер, жеке клиникалар және медициналық орталықтар сияқты әртүрлі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы, 9.

Эл. пошта: sales@medcomfort.kz

Телефон: +7 707 545 00 51, +7/7252/45-00-51